Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

© Photo : ДП Павлодарской области Смертельное ДТП произошло в Павлодарской области
Смертельное ДТП произошло в Павлодарской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Полиция қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға Құлакөл ауылы маңындағы "Павлодар – Қызылорда" автожолының 110 шақырымында болған.
Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды.
"Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жолдың көріну деңгейі төмен болған және Тойота жүргізушісі қашықтықты сақтамаған", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
ДТП на трассе Самара-Шымкент  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты
Жаңалықтар
0