https://sputnik.kz/20260113/baspanasyz-zhurgenderge-ne-isteu-kerek--ukimet-kenes-berdi-60362266.html
Баспанасыз жүргендерге не істеу керек – үкімет кеңес берді
Баспанасыз жүргендерге не істеу керек – үкімет кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Әкімдіктер сатып алатын пәтерлерді кредиттік баспана ретінде жеңілдетілген ипотекамен жеке меншікке сатып алуға болады 13.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-13T16:20+0500
2026-01-13T16:20+0500
2026-01-13T16:20+0500
үкімет
баспана
ипотека
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0f/47110690_0:0:1396:785_1920x0_80_0_0_3f4d2e73f6719820504d360008fff135.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баспаналы болудың бірнеше жолын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде әкімдіктер құрылыс компанияларынан пәтерлерді төмен бағамен сатып алуға құқылы. Дәл осы пәтерлер жағдайы төмен азаматтарға жалға беріледі. Былтыр осы мақсатта 15 мың пәтер сатып алынған болатын. Биыл тағы 74 млрд теңге бөлінеді. Әкімдіктен жалдамалы пәтер алу үшін ай сайынғы табыстың көлемі белгілі бір деңгейден артық болмауы шарт.Бұдан бөлек, әкімдіктер сатып алатын пәтерлерді кредиттік баспана ретінде жеңілдетілген ипотекамен жеке меншікке сатып алуға болады.Ал жеңілдетілген ипотека Отбасы банкі арқылы беріледі. Атап айтқанда, баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар ипотеканың 2 процентпен рәсімдей алады. Алғашқы жарнасы жоқ азаматтарға 1,5 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары да беріледі."Басқа адамдар 5 процентпен ипотека ала алады", - деді Қажкенов.Вице-министр "70-20-25" пен "Наурыз" ипотекалық бағдарламалары арқылы баспана алуға болатынын да еске салды.
https://sputnik.kz/20260113/ukimet-khalyqty-auyz-sumen-100-protsentke-qamtamasyz-etkenin-malimdedi-60354995.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0f/47110690_175:0:1222:785_1920x0_80_0_0_bb3a40f2b19c9eeccd27cfbefdfee996.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, баспана, ипотека
Баспанасыз жүргендерге не істеу керек – үкімет кеңес берді
Әкімдіктер сатып алатын пәтерлерді кредиттік баспана ретінде жеңілдетілген ипотекамен жеке меншікке сатып алуға болады
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баспаналы болудың бірнеше жолын айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде әкімдіктер құрылыс компанияларынан пәтерлерді төмен бағамен сатып алуға құқылы. Дәл осы пәтерлер жағдайы төмен азаматтарға жалға беріледі. Былтыр осы мақсатта 15 мың пәтер сатып алынған болатын. Биыл тағы 74 млрд теңге бөлінеді. Әкімдіктен жалдамалы пәтер алу үшін ай сайынғы табыстың көлемі белгілі бір деңгейден артық болмауы шарт.
Бұдан бөлек, әкімдіктер сатып алатын пәтерлерді кредиттік баспана ретінде жеңілдетілген ипотекамен жеке меншікке сатып алуға болады.
"Бізде бір шаршы метрі үшін 300-320 мың теңгеден сатылатын пәтерлер де бар. Оны жеке меншік құрылыс компаниялары салады. Нақты мысалды да айтайын, жақында ғана Қызылорда облысында бес қабатты үйлер кредиттік баспана ретінде сатылды. Бір шаршы метрі 280 мың теңгеге дейін болды. Бұның барлығы – дайын пәтерлер", - деді Қажкенов үкіметтегі брифингте.
Ал жеңілдетілген ипотека Отбасы банкі арқылы беріледі. Атап айтқанда, баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар ипотеканың 2 процентпен рәсімдей алады. Алғашқы жарнасы жоқ азаматтарға 1,5 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары да беріледі.
"Басқа адамдар 5 процентпен ипотека ала алады", - деді Қажкенов.
Вице-министр "70-20-25" пен "Наурыз" ипотекалық бағдарламалары арқылы баспана алуға болатынын да еске салды.