https://sputnik.kz/20260111/siyyarto-frantsiya-men-ulybritaniyanyn-maqsaty--bukil-europany-sogysqa-tartu-60313203.html
Сийярто: Франция мен Ұлыбританияның мақсаты – бүкіл Еуропаны соғысқа тарту
Сийярто: Франция мен Ұлыбританияның мақсаты – бүкіл Еуропаны соғысқа тарту
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Франция мен Ұлыбритания өз әскери қызметкерлерін Украинаға жіберсе, Ресеймен соғысады, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер және... 11.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-11T15:00+0500
2026-01-11T15:00+0500
2026-01-11T15:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53705905_0:0:3152:1773_1920x0_80_0_0_ab6da62487b1c8e52e782172fe81510e.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Франция мен Ұлыбритания өз әскери қызметкерлерін Украинаға жіберсе, Ресеймен соғысады, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто.Сийярто Виктор Орбан бастаған Венгрия үкіметі мұндай жоспардың жүзеге асырылуына жол бермеуге ниетті екенін атап өтті.Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Парижде өткен кездесуде "ниеттестер коалициясы" деп аталатын топтың көшбасшылары Украинада бейбіт келісім жасалған жағдайда әскер орналастыру туралы декларацияға қол қойғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, қақтығыс тоқтатылған жағдайда Ұлыбритания мен Франция Украина аумағында әскери базалар құрып, Украина Қарулы күштері үшін техника қоймаларын салуды жоспарлап отыр.Ресей Сыртқы істер министрлігі бұған дейін НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерін Украинаға орналастырудың кез келген сценарийін Ресей қабылдамайтынын және бұл жағдайдың күрт ушығуға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Министрлік Ұлыбритания мен Еуропаның басқа елдерінде жасалған мәлімдемелерді әскери іс-қимылдарды жалғастыруға итермелеу деп бағалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53705905_164:0:2895:2048_1920x0_80_0_0_5edf6abe98f8d8e3871a5fbb2adaa9fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Сийярто: Франция мен Ұлыбританияның мақсаты – бүкіл Еуропаны соғысқа тарту
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Франция мен Ұлыбритания өз әскери қызметкерлерін Украинаға жіберсе, Ресеймен соғысады, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто.
"Брюссель ақыл-ойдан айырылды, ал еуропа лидерлері арасында әскери фанатизм үстемдік етіп тұр. Парижде жарияланған мәлімдемеге сәйкес, екі еуропалық ядролық держава әскерлерін Украинаға жіберуге шешім қабылдады. Негізінде бұл олардың соғысты бастап жатқанын білдіреді. Олардың мақсаты – бүкіл Еуропаны соғысқа тарту", — деді ол биліктегі "Фидес" партиясының съезінде сөйлеген сөзінде.
Сийярто Виктор Орбан бастаған Венгрия үкіметі мұндай жоспардың жүзеге асырылуына жол бермеуге ниетті екенін атап өтті.
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Парижде өткен кездесуде "ниеттестер коалициясы" деп аталатын топтың көшбасшылары Украинада бейбіт келісім жасалған жағдайда әскер орналастыру туралы декларацияға қол қойғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, қақтығыс тоқтатылған жағдайда Ұлыбритания мен Франция Украина аумағында әскери базалар құрып, Украина Қарулы күштері үшін техника қоймаларын салуды жоспарлап отыр.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұған дейін НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерін Украинаға орналастырудың кез келген сценарийін Ресей қабылдамайтынын және бұл жағдайдың күрт ушығуға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Министрлік Ұлыбритания мен Еуропаның басқа елдерінде жасалған мәлімдемелерді әскери іс-қимылдарды жалғастыруға итермелеу деп бағалады.