https://sputnik.kz/20260111/oz-betinshe-uyrengen-11-synyp-oqushysy-on-tilde-erkin-soyleydi-----60315048.html
Өз бетінше үйренген: 11 сынып оқушысы он тілде еркін сөйлейді
Өз бетінше үйренген: 11 сынып оқушысы он тілде еркін сөйлейді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. 11 сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. 11.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-11T17:40+0500
2026-01-11T17:40+0500
2026-01-11T17:40+0500
полиглот
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0b/60315162_41:0:1022:552_1920x0_80_0_0_af9911782b0abb36743324caa3fd2bba.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. 11 сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген. Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта дүние жүзі елдерінің астанасын жатқа айтқан. Ол үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды. Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр.
https://sputnik.kz/20241120/qazaqstan-orys-tili-boyynsha-khalyqaralyq-uyymga-43-mln-tenge-boledi--48676197.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0b/60315162_164:0:900:552_1920x0_80_0_0_55a57a0e2b69f7a6cdddc33f71b5061b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиглот
Өз бетінше үйренген: 11 сынып оқушысы он тілде еркін сөйлейді
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. 11 сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген.
Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта дүние жүзі елдерінің астанасын жатқа айтқан. Ол үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды.
"Мен жиһанкез болуды, аралаған әр елдегі адамдармен өз тілінде еркін сөйлесуді армандаймын. Әр тіл жаңа мәдениетке жол ашатын кілт іспеттес. Бұнымен тоқтап қалмаймын, алдағы уақытта араб тіліне ден қойып, БҰҰ-ның алты ресми тілін толық меңгергім келеді", - дейді жас полиглот.
Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр.