https://sputnik.kz/20260111/maylyqpen-zhauyp-qoygan-kolik-nomirin-zhasyrgan-zhurgizushiler-qamauga-alyndy-60311069.html
Майлықпен жауып қойған: көлік нөмірін жасырған жүргізушілер қамауға алынды
Майлықпен жауып қойған: көлік нөмірін жасырған жүргізушілер қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Жүргізушілер мұндай әрекетке бейнебақылауға түспеу мақсатында барған 11.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-11T10:38+0500
2026-01-11T10:38+0500
2026-01-11T10:38+0500
жамбыл облысы
жалған нөмір
мемлекеттік нөмірлер
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Атап айтқанда Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолында Daf жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірінің бір әрпін майлықпен жауып алғаны белгілі болды. Жүргізуші бұл әрекетке ақылы жол үшін төлем жасамау, сондай-ақ бейнебақылауға түспеу мақсатында барған.Сонымен қатар жедел іс-шара барысында тағы бір Daf жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін арнайы техникалық құрылғы арқылы троспен әдейі жасырып алғаны анықталды.Бұдан бөлек, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тоқтатылған Alphard автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені анықталды. Сондай-ақ бұл көліктің өткен жылы есептен шығарылғаны белгілі болды.Аталған өрескел құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес, жүргізушіні бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылып отыр. Іс материалдары сотқа жолданды.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жалған нөмір, мемлекеттік нөмірлер
жамбыл облысы, жалған нөмір, мемлекеттік нөмірлер
Майлықпен жауып қойған: көлік нөмірін жасырған жүргізушілер қамауға алынды
Жүргізушілер мұндай әрекетке бейнебақылауға түспеу мақсатында барған
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Атап айтқанда Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолында Daf жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірінің бір әрпін майлықпен жауып алғаны белгілі болды. Жүргізуші бұл әрекетке ақылы жол үшін төлем жасамау, сондай-ақ бейнебақылауға түспеу мақсатында барған.
Сонымен қатар жедел іс-шара барысында тағы бір Daf жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін арнайы техникалық құрылғы арқылы троспен әдейі жасырып алғаны анықталды.
"Аталған фактілер бойынша жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен құқық бұзушылар бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, тиісінше бес тәулікке және екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тоқтатылған Alphard автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені анықталды. Сондай-ақ бұл көліктің өткен жылы есептен шығарылғаны белгілі болды.
Аталған өрескел құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес, жүргізушіні бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылып отыр. Іс материалдары сотқа жолданды.