Атырауда зейнеткер көлікпен ғимаратқа соғылды

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2026
Жазылу
Жүргізуші Hyundai Creta көлігін масаң күйде басқарған
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Атырауда зейнеткер көлікпен мейрамхана ғимаратына соғылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
70 жастағы жүргізуші Hyundai Creta көлігін масаң күйде басқарған.
"Оқиға күндізгі уақытта болды. Жол апаты салдарынан мекеменің қасбеті бүлінген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - дейді полиция.
Зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Былтыр 23 мың мас жүргізуші ұсталды
Жаңалықтар
0