https://sputnik.kz/20260110/ukraina-boyynsha-kelisimge-qol-zhetkizuge-buryngydan-da-zhaqynbyz---turkiya-sim-60304149.html
Украина бойынша келісімге қол жеткізуге бұрынғыдан да жақынбыз - Түркия СІМ
Украина бойынша келісімге қол жеткізуге бұрынғыдан да жақынбыз - Түркия СІМ
Sputnik Қазақстан
Дегенмен министр бұл қорытындының неге негізделіп отырғанын нақтылаған жоқ 10.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-10T20:57+0500
2026-01-10T20:57+0500
2026-01-10T20:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54186735_0:0:3222:1813_1920x0_80_0_0_05166470ee88e8407bf871f7c8deb8e3.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украинадағы қақтығыс тараптары қазір бейбітшілік келісімін жасауға бұрынғыдан да жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Дегенмен министр бұл қорытындының неге негізделіп отырғанын нақтылаған жоқ.Бұған дейін Уитакер Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізушілер 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары, көпжақты қауіпсіздік кепілдіктері, АҚШ-тың жеке қауіпсіздік кепілдіктері және бейбітшілік орнағаннан кейін экономикалық өсу мен өркендеу жоспары сияқты төрт құжатты талқылап жатқанын хабарлаған болатын.Сол секілді АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф украин делегациясымен келіссөздерден кейін АҚШ, Украина және Еуропа өкілдері Майамиде ортақ стратегиялық тәсілді әзірлеуді, АҚШ бейбітшілік жоспарын, Вашингтонның Киев үшін қауіпсіздік кепілдіктерін және Украинаны қалпына келтіру мәселелерін талқылағанын айтты.Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Кремльде АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен америкалық Affinity Partners компаниясының негізін қалаушы Джаред Кушнерді қабылдаған болатын. АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары Украинаға арналған АҚШ бейбітшілік жоспарын талқылаумен байланысты болды. Путиннің айтуынша, америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды бөлек талқылауды ұсынды.
https://sputnik.kz/20260107/frantsiya-beybit-ukrainaga-asker-zhiberuge-dayyn---makron-60204350.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54186735_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_6994c7ca509ceded282424c91f6252cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина бойынша келісімге қол жеткізуге бұрынғыдан да жақынбыз - Түркия СІМ
Дегенмен министр бұл қорытындының неге негізделіп отырғанын нақтылаған жоқ
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украинадағы қақтығыс тараптары қазір бейбітшілік келісімін жасауға бұрынғыдан да жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
"Осы күш-жігердің нәтижесінде біз қазір келісімге қол жеткізуге бұрынғыдан да жақынбыз. Әрине, бұл біз қалағандай жақын емес, бірақ айтарлықтай жақынбыз", - деді Фидан TRT Haber арнасына берген сұхбатында.
Дегенмен министр бұл қорытындының неге негізделіп отырғанын нақтылаған жоқ.
Бұған дейін Уитакер Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізушілер 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары, көпжақты қауіпсіздік кепілдіктері, АҚШ-тың жеке қауіпсіздік кепілдіктері және бейбітшілік орнағаннан кейін экономикалық өсу мен өркендеу жоспары сияқты төрт құжатты талқылап жатқанын хабарлаған болатын.
Сол секілді АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф украин делегациясымен келіссөздерден кейін АҚШ, Украина және Еуропа өкілдері Майамиде ортақ стратегиялық тәсілді әзірлеуді, АҚШ бейбітшілік жоспарын, Вашингтонның Киев үшін қауіпсіздік кепілдіктерін және Украинаны қалпына келтіру мәселелерін талқылағанын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Кремльде АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен америкалық Affinity Partners компаниясының негізін қалаушы Джаред Кушнерді қабылдаған болатын. АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары Украинаға арналған АҚШ бейбітшілік жоспарын талқылаумен байланысты болды. Путиннің айтуынша, америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды бөлек талқылауды ұсынды.