"Smart военкомат": әскери қызметке жарамдылық анықтамасын енді онлайн алуға болады

© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана"Smart военкомат": әскери қызметке жарамдылық анықтамасы e-Gov порталы арқылы қолжетімді
Smart военкомат: әскери қызметке жарамдылық анықтамасы e-Gov порталы арқылы қолжетімді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2026
Жазылу
Жаңа инновация оқуға рәсімдеу кезінде құжаттарды жинау процесін едәуір жеңілдетеді
АСТАНА, 10 қаңтар-Sputnik. "Smart военкомат" жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының "Жеке кабинетінде" азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты.
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана"Smart военкомат": әскери қызметке жарамдылық анықтамасы e-Gov порталы арқылы қолжетімді
Как работает Smart военкомат в Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2026
"Smart военкомат": әскери қызметке жарамдылық анықтамасы e-Gov порталы арқылы қолжетімді
Бұл қызмет арқылы пайдаланушылар азаматтың әскери қызметке қатыстылығы, әскери есепте тұруы, әскери қызметтен өткен кезеңдері, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін мерзімдер туралы мәліметтерді жүктеп алып, мессенджерлер арқылы жіберіп немесе басып шығара алады.

Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпаратқа сұраныс жоғары. Аталған мәліметтерді алу үшін e-Gov порталының "Жеке кабинетіне" кіріп, "Әскери қызмет" бөліміндегі "Жүктеу" батырмасын басу жеткілікті.

Департаментінің айтуынша, болашақта бұл деректерді m-Gov мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы да алу мүмкін болады.

Жаңа қызмет оқу орнына құжат тапсыру, әскери қызметке немесе құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Итоги призывной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2025
Әскери қызметшілердің несиесі бойынша төлемді кейінге қалдыру: нені білу керек
Жаңалықтар
0