"Қысым көрсетілген жоқ": Шымкентте қайтыс болған сарбазға қатысты түсініктеме берілді

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚысым көрсетілген жоқ: Шымкентте қайтыс болған сарбазға қатысты түсініктеме берілді
Қысым көрсетілген жоқ: Шымкентте қайтыс болған сарбазға қатысты түсініктеме берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2026
Жазылу
Сарбаз әскери бөлімге былтыр 9 желтоқсанда келіп, алғаш рет медициналық көмекке 17 желтоқсанда жүгінген
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Ұлттық ұлан Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде қайтыс болған сарбаздың отбасына қысым көрсетілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Сарбаз әскери бөлімге былтыр 9 желтоқсанда келген. Алғаш рет медициналық көмекке 17 желтоқсанда жүгінген.
"Осы сәттен бастап оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті талдаулар тағайындалды, медициналық тексерулер жүргізілді және дәрігерлердің бақылауында болды", - дейді Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі.
Алайда 29 желтоқсанда сарбаздың денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Шымкент қаласындағы медициналық мекемелердің біріне жатқызылған.
"Өкінішке қарай, биыл 6 қаңтарда барлық қабылданған шараларға және көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, жүрек қызметінің тоқтауы тіркелді. Алдын ала диагноз — жедел лейкоз", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта әскери-тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы әскери прокуратураның бақылауында.
"Сонымен қатар қоғамда пайда болған "қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына қысым көрсетілді" деген мәлімдемелерге де түсініктеме беруді қажет деп санаймыз. Қазіргі таңда марқұмның отбасына қандай да бір қысым жасалғаны туралы деректер расталған жоқ. Сонымен бірге бұл уәждер тергеу аясында міндетті түрде қосымша тексеріледі", - дейді Ұлттық ұлан.
Ұлттық ұлан тарапынан қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Біз бұл қайғының отбасы үшін қаншалықты ауыр екенін түсінеміз және бұл жағдайға барынша жауапкершілікпен әрі жанашырлықпен қарап отырмыз, деп жазды ведомство. Осыған байланысты азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады.
Казахстанские военные - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген: Шымкентте сарбаз қайтыс болды
Жаңалықтар
0