https://sputnik.kz/20260110/almatyda-68-mynnan-astam-zhas-azamat-psikhologiyalyq-komek-aldy-60309351.html
Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек алды
Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек алды
Sputnik Қазақстан
Бағдарламада студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы өкілдерге және әлеуметтік осал топтағы жастарға баса назар аударылады 10.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-10T20:12+0500
2026-01-10T20:12+0500
2026-01-10T20:12+0500
алматы
психолог
көмек
https://sputnik.kz/img/1369/67/13696742_0:0:1501:844_1920x0_80_0_0_4a118cacf7e9697a02922d0ec17ec22f.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек пен кеңес алды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Аталған жұмыс қалалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға, мазасыздық пен күйзеліс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сынақтарға төтеп беруге қажетті өзін-өзі реттеу, бейімделу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.Бағдарламада студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы өкілдерге және әлеуметтік осал топтағы жастарға баса назар аударылады.Қалалық комьюнити орталықтар, білім беру ұйымдары және арнайы кеңес беру алаңдары арқылы қолдау көрсетіледі. Жастар жеке және топтық кеңес алып, күйзелісті басқару тренингтеріне, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған воркшоптарға, сондай-ақ менталдық денсаулық мәселесі бойынша білімді шыңдайтын кездесулерге қатысады.Сонымен қатар жұмыспен қамту бағытындағы жұмыс та күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар алу, түйіндеме әзірлеу және әңгімелесуге дайындық жөнінде кеңес алды.
https://sputnik.kz/20260105/almatyda-internet-zhane-telefon-alayaqtygymen-kures-kusheyedi-60155614.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1369/67/13696742_0:0:1335:1001_1920x0_80_0_0_28e2d86c9edcba43da4bfa257199f0ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, психолог, көмек
Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек алды
Бағдарламада студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы өкілдерге және әлеуметтік осал топтағы жастарға баса назар аударылады
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек пен кеңес алды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған жұмыс қалалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға, мазасыздық пен күйзеліс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сынақтарға төтеп беруге қажетті өзін-өзі реттеу, бейімделу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламада студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы өкілдерге және әлеуметтік осал топтағы жастарға баса назар аударылады.
Қалалық комьюнити орталықтар, білім беру ұйымдары және арнайы кеңес беру алаңдары арқылы қолдау көрсетіледі. Жастар жеке және топтық кеңес алып, күйзелісті басқару тренингтеріне, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған воркшоптарға, сондай-ақ менталдық денсаулық мәселесі бойынша білімді шыңдайтын кездесулерге қатысады.
Сонымен қатар жұмыспен қамту бағытындағы жұмыс та күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар алу, түйіндеме әзірлеу және әңгімелесуге дайындық жөнінде кеңес алды.