Жол апатына түскен Үндістан азаматы ауруханада қайтыс болды

© Photo : Скриншот видео, предоставленного департаментом полиции Алматинской областиСмертельное ДТП в Алматинской области
Смертельное ДТП в Алматинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
6 қаңтарда жол апаты үш адамның өмірін қиды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Жол апатынан ауруханаға түскен үндістандық студент қайтыс болды. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
Марқұм жігіттің есімі - Рахул Ядав, жасы 24-те.
Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Алматы маңындағы "Алматы – Бішкек" автожолының 86-шақырымында Үндістан азаматтары: студенттер мен турист жол апатына түсті. Салдарынан жүргізуші, сондай-ақ Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының екі студенті қайтыс болды. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Бүгін тағы екі адамның мәйіті Үндістанға жіберілді. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Алматы маңындағы жол апатында Үндістаннан келген студенттер көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
Алматы маңындағы жол апатында Үндістаннан келген студенттер көз жұмды
Жаңалықтар
0