Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырған 120-дан астам адам анықталды

© Sputnik / Рамиль СитдиковTikTok
TikTok - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда мониторинг жүргізді.
Мақсат - заңсыз лотерея қызметін анықтау.
"Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан комитетке келіп түскен өтініштер негізінде 2025 жылы 121 адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді министрлікте.
Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған. Хаттама шешімімен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді. Келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, белгіленген тәртіппен қаралады.
Еске сала кетсек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 445-1-бабының 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес адам лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК болып белгіленеді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.
Ұлттық валюта - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Заңсыз ұтыс ойын ұйымдастырғандар 40 млн теңгеге жуық айыппұл төледі
Жаңалықтар
0