Шығыс Қазақстанда дәрігерді қаралаған зейнеткер айыппұл арқалады

Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Айыппұл мөлшері оның зейнеткер екенін ескеріп, 30%-ке қысқартылды
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында зейнеткер 500 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды облыстық сот.
Тарбағатай тұрғыны 17 қазанда WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігердің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.
"Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда оның кінәсі толық дәлелденді. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады", - дейді сотта.
Айта кетейік, кінәлі тұрғынға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігімен іс қозғалған.
Сот үкімімен зейнеткерге 495 432 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері оның зейнеткер екенін ескеріп, 30%-ке қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Продовольственные товары - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге 55 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Жаңалықтар
0