Қарағандыда қызбен танысуға барған жігіттің қомақты қаражатын тартып алған

© Sputnik / Абзал КалиевҰрлық
Ұрлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Көрсетілген мекен жайға келген қарағандылықты екі белгісіз ер адам күтіп тұрған
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қарағандылық тұрғын Жаңа жыл қарсаңында алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
19 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қызбен танысқан. Сөйтіп екеуі кездеспек болады.
"Алайда, көрсетілген мекен жайға келген қарағандылықты екі белгісіз ер адам күтіп тұрған. Олар жігітті қорқытып, 103 мың теңгесін тартып алған", - дейді полицияда.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады.
"Олар Қарағандының 20 және 22 жастағы екі тұрғыны. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді ведомствода.
Полиция адамдарға онлайн әдіспен танысқанда аса қырағы болуды ескертеді.
Ақтөбеде клиент такси жүргізушісіне ақшасын бермей, көлігін айдап кеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Ақтөбеде клиент такси жүргізушісіне ақшасын бермей, көлігін айдап кеткен
Жаңалықтар
0