https://sputnik.kz/20260109/aqmola-oblysynda-zheti-balanyn-akesi-eki-zharym-aydan-beri-tabylmay-zhatyr-60278273.html
Ақмола облысында жеті баланың әкесі екі жарым айдан бері табылмай жатыр
Ақмола облысында жеті баланың әкесі екі жарым айдан бері табылмай жатыр
Sputnik Қазақстан
31 жастағы ер адам кешкі уақытта үйден шығып, қайтып оралмаған 09.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-09T15:59+0500
2026-01-09T15:59+0500
2026-01-09T15:59+0500
ақмола облысы
көпбалалы отбасы
із-түзсіз жоғалу
https://sputnik.kz/img/old/449/75/4497507_0:300:5760:3540_1920x0_80_0_0_13a20321153ce7e4aa72fada2b124703.jpg
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында Біржан сал ауданының Кеңащы ауылының тұрғыны Айжалғас Қайруллинов екі жарым айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Жеті баланың әкесі үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған. Ер адамның жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған.Өтініш келіп түскеннен кейін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірінші кезектегі іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Іздеуге облыстық полиция департаментінің күштері, жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, еріктілер ұйымдары, туыстары мен ауыл тұрғындары тартылды.Су объектілері мен жағалау аймақтарын тексеруге ерекше назар аударылды. Осы мақсатта сүңгуірлер тартылып, арнайы жабдықтар пайдаланылды. Сонымен қатар, қараусыз қалған ғимараттар, қосалқы ғимараттар мен құдықтар қаралды.Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасып жатыр. Айжалғас Гарифоллаұлы Қайруллиннің ерекше белгілері көрсетілген бағдарлар басқа облыстардың полиция департаменттеріне жіберілді, сондай-ақ еріктілердің көмегімен әлеуметтік желілер арқылы таратылды.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/449/75/4497507_320:0:5440:3840_1920x0_80_0_0_2662a072c0f58d364e3e740b6d94946f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, көпбалалы отбасы, із-түзсіз жоғалу
ақмола облысы, көпбалалы отбасы, із-түзсіз жоғалу
Ақмола облысында жеті баланың әкесі екі жарым айдан бері табылмай жатыр
31 жастағы ер адам кешкі уақытта үйден шығып, қайтып оралмаған
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында Біржан сал ауданының Кеңащы ауылының тұрғыны Айжалғас Қайруллинов екі жарым айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жеті баланың әкесі үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған. Ер адамның жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған.
"Әйелдің айтуынша, 31 жастағы ер адам кешкі уақытта үйден шығып, қайтып оралмаған. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Іздеу жұмыстары шамамен 2,5 ай бойы жалғасып жатыр", - дейді полиция.
Өтініш келіп түскеннен кейін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірінші кезектегі іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Іздеуге облыстық полиция департаментінің күштері, жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, еріктілер ұйымдары, туыстары мен ауыл тұрғындары тартылды.
"Іздеу іс-шаралары барысында пилотсыз ұшу аппараттарын, қызметтік-іздестіру иттерін және жол талғамайтын автокөліктерді пайдалана отырып, дала аумағын ауқымды қарау жүргізілді. Полицейлер Кеңащы, Ақбұлақ, Заозерное, Қазанқап ауылдарының аумақтарын, жақын маңдағы шалғай учаскелерді, орман алқаптарын және жергілікті жердің жету қиын учаскелерін тексерді", - дейді ведомство.
Су объектілері мен жағалау аймақтарын тексеруге ерекше назар аударылды. Осы мақсатта сүңгуірлер тартылып, арнайы жабдықтар пайдаланылды. Сонымен қатар, қараусыз қалған ғимараттар, қосалқы ғимараттар мен құдықтар қаралды.
"Жедел қызметкерлер Қайруллиновтың жоғалып кеткен күні оны көрген азаматтарды, сондай-ақ жақын қарым-қатынас шеңберіндегі адамдарды анықтады және жауап алды. Туыстарының дәлелдері және жоғалған адамның ықтимал байланыстары мұқият зерттелді", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасып жатыр. Айжалғас Гарифоллаұлы Қайруллиннің ерекше белгілері көрсетілген бағдарлар басқа облыстардың полиция департаменттеріне жіберілді, сондай-ақ еріктілердің көмегімен әлеуметтік желілер арқылы таратылды.