Ақмола облысында бақташы қожалықтың 526 малын сатып жіберген

© Photo : Telegram-канал AgropresskzФерма
Ферма - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Күдіктіге іздеу жарияланды
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысы Софиевка ауылында бақташы қожалықтың 526 малын сатып жіберген, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Целиноград ауданы полиция бөлімінің тергеушілері 50 миллион теңгенің малын иемденіп, ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Шағым қаңтар айының басында түскен.
"Софиевка ауылында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иесінің айтуынша, кәсіпорын қызметкерлерінің бірі 48 бас ірі қара мал, 460 бас ұсақ мал және 8 жылқыны ысырап етіп, аса ірі мөлшерде шығын келтірген", - дейді полиция.
30 жастағы бақташы серіктестікке тиесілі малды жергілікті тұрғындарға сатып жіберген.
Кәсіпорын басшылығынан қылмыстық әрекеттерді жасыру үшін бақташы ауыл тұрғындарының малына өзінікі сияқты сары таңба қойып тастаған. Қазіргі уақытта күдіктіге іздеу жарияланды.
Жамбылда 24 миллион теңгенің малын қолды қылғандар сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жамбылда 24 миллион теңгенің малын қолды қылғандар сотталды
Жаңалықтар
0