https://sputnik.kz/20260108/ush-oblysta-ashylatyn-kazinolarga-tek-sheteldikter-kire-alady-60242486.html
Үш облыста ашылатын казиноларға тек шетелдіктер кіре алады
Үш облыста ашылатын казиноларға тек шетелдіктер кіре алады
Sputnik Қазақстан
Мұндай тәжірибе экономикалық өсімге оң ықпал етеді 08.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-08T19:34+0500
2026-01-08T19:34+0500
2026-01-08T19:34+0500
казино
құмар ойын
ойын алаңдары
қауіпті ойын
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38068349_0:0:2860:1609_1920x0_80_0_0_eedbad296eeac284eb5954356d410eea.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңадан салынатын ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қызмет көрсетеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Министрлік бірнеше облыста өткізген әлеуметтік-экономикалық зерттеудің нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, Маңғыстау облысы тұрғындарының 46 пайызы шетелдіктерге арналған казино салу бастамасын қолдаған. 2029 жылға қарай облысқа 148 мың шетелдік турист келеді деген болжам бар. Соның арқасында 7 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, бюджетке 1,2 млрд теңге салық түсуі керек.Жетісу облысында сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы казино құрылысына қарсы емес. Осы бастаманың нәтижесінде бюджетке жылына 2,4 млрд теңге салық түседі.Алматы облысында респонденттердің 54,5 пайызы ойын аймақтарын салу бастамасын қолдап отыр. 2028 жылға дейін екі ойын аймағынан 6,5 млрд теңге салық түсіп, 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.Ал ойын аймақтарының нақты шекарасын жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Оған тек шетел азаматтар ғана кіре алады. Қазақстан азаматтарына аталған ойын залдарына кіруге тыйым салынады.
https://sputnik.kz/20251007/onlayn-kazino-ushin-qylmystyq-zhaza-engizilui-mumkin-57683961.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38068349_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_7958adfb7865fca537b72156e0137bb4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
казино, құмар ойын, ойын алаңдары, қауіпті ойын
казино, құмар ойын, ойын алаңдары, қауіпті ойын
Үш облыста ашылатын казиноларға тек шетелдіктер кіре алады
Мұндай тәжірибе экономикалық өсімге оң ықпал етеді
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңадан салынатын ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қызмет көрсетеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Министрлік бірнеше облыста өткізген әлеуметтік-экономикалық зерттеудің нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, Маңғыстау облысы тұрғындарының 46 пайызы шетелдіктерге арналған казино салу бастамасын қолдаған. 2029 жылға қарай облысқа 148 мың шетелдік турист келеді деген болжам бар. Соның арқасында 7 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, бюджетке 1,2 млрд теңге салық түсуі керек.
Жетісу облысында сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы казино құрылысына қарсы емес. Осы бастаманың нәтижесінде бюджетке жылына 2,4 млрд теңге салық түседі.
Алматы облысында респонденттердің 54,5 пайызы ойын аймақтарын салу бастамасын қолдап отыр. 2028 жылға дейін екі ойын аймағынан 6,5 млрд теңге салық түсіп, 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елде тек шетелдіктерге арналған ойын аймақтары туристерді тартудың және курорттық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетігіне айналған. Мұндай тәжірибе ішкі әлеуметтік ортаға кері әсер етпей, экономикалық өсімге оң ықпал етеді", - дейді министрлік мамандары.
Ал ойын аймақтарының нақты шекарасын жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Оған тек шетел азаматтар ғана кіре алады. Қазақстан азаматтарына аталған ойын залдарына кіруге тыйым салынады.