Атырауда браконьерлерді іздеуге шыққан инспекторлар мұз астына түсіп кетті

© Photo : пресс-служба акима Кызылординской областиСырдария
Сырдария - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
Жазылу
Мұз астына түсіп кеткен квадроцикл судан шығарылып, қазір қайтадан жұмыс істеп тұр
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Атырауда рейдке шыққан балық шаруашылығының инспекторлары мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.
Оқиға 7 қаңтарда болған. "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары квадроциклмен бірге мұз астына түсіп кеткен.
"Жайық өзені бойында браконьерлікке қарсы рейд барысында қызметтік квадроцикл абайсызда суға түсіп кеткен. Оқиға кезінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген инспекторлар тиісті қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен және құтқару жилеттерімен қамтамасыз етілгендіктен дер кезінде қауіпсіз жерге шықты", - дейді инспекцияда.
Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Мұз астына түсіп кеткен квадроцикл судан шығарылып, қазір қайтадан жұмыс істеп тұр, дейді мекеме басшылығы.
Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысында ауа райы 15 градусқа дейін ғана суытатындықтан, өзен бетінің кей жеріндегі мұз жұқа болады. Ал инспекторлар үшін анда-санда болатын мұндай оқыс жағдай қалыпты дейді балық шаруашылығы инспекциясы.
Каспий теңізіндегі шекарашылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Былтыр Каспий теңізінде 600-ден астам браконьерлік фактісі тіркелді
Жаңалықтар
0