https://sputnik.kz/20260107/ministrlik-et-eksportyna-qatysty-zhana-shekteulerdi-tusindirdi-60212584.html
Министрлік ет экспортына қатысты жаңа шектеулерді түсіндірді
Министрлік ет экспортына қатысты жаңа шектеулерді түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Жаңа шектеулер отандық мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға және тұрақты ішкі нарықты қалыптастыруға бағытталған 07.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-07T13:43+0500
2026-01-07T13:43+0500
2026-01-07T13:44+0500
министрлік
ауыл шаруашылығы министрлігі
ет
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/01/07/60211382_0:69:960:609_1920x0_80_0_0_4ff305a6bedeb803396e7c00e8e5a1c5.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 2025 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан аумағынан сиыр етін үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне шығару бойынша квоталарды бөлу қағидалары енгізілген болатын. Бұл норма 2026 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады. Ал квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді және бордақылау алаңы бар ет өңдеуші кәсіпорындар арасында бөлінеді. Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты. Бұған дейін жекелеген компаниялар мен шағын сою цехтары малды бордақылаусыз қайта сатып отырған. Жаңа шектеулер отандық мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға және тұрақты ішкі нарықты қалыптастыруға бағытталған. Ал тұтынушылар үшін сапалы сиыр еті қолжетімді болады.
https://sputnik.kz/20251130/ministrlik-siyr-eti-2-500-tengeden-satylyp-zhatqanyn-khabarlady-59246247.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/07/60211382_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_90b03f2a32153778210213209da8594d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, ауыл шаруашылығы министрлігі, ет, еаэо
министрлік, ауыл шаруашылығы министрлігі, ет, еаэо
Министрлік ет экспортына қатысты жаңа шектеулерді түсіндірді
13:43 07.01.2026 (жаңартылды: 13:44 07.01.2026) Жаңа шектеулер отандық мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға және тұрақты ішкі нарықты қалыптастыруға бағытталған
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді
, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
2025 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан аумағынан сиыр етін үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне шығару бойынша квоталарды бөлу қағидалары енгізілген болатын. Бұл норма 2026 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады. Ал квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді және бордақылау алаңы бар ет өңдеуші кәсіпорындар арасында бөлінеді.
Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты.
бордақылау алаңының қуаты 5 000 бастан жоғары болғанда 1 000 тонна;
10 000 бастан жоғары — 2 000 тонна;
15 000 бастан жоғары — 3 000 тонна;
20 000 бастан жоғары — 4 000 тонна;
50 000 бастан жоғары — 10 000 тонна.
Бұған дейін жекелеген компаниялар мен шағын сою цехтары малды бордақылаусыз қайта сатып отырған.
"Мұндай схема алыпсатарлық делдалдыққа жол ашып, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалап, ішкі бағалардың өсу факторларының біріне айналды. Сондықтан квоталау тетігі мал өсірумен және оны бордақылаумен айналыспайтын экспорттық делдалдарды жоюға әрі өндірістік инфрақұрылымға инвестиция салатын, технология енгізіп, жұмыс орындарын құратын нақты өндірушілерді қолдауға бағдарланған", - дейді министрлік мамандары.
Жаңа шектеулер отандық мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға және тұрақты ішкі нарықты қалыптастыруға бағытталған. Ал тұтынушылар үшін сапалы сиыр еті қолжетімді болады.