https://sputnik.kz/20260107/ispaniya-qaqtygys-ayaqtalgan-son-ukrainaga-buu-ny-tartuga-qoldau-bildirdi-60218300.html
Испания қақтығыс аяқталған соң Украинаға БҰҰ-ны тартуға қолдау білдірді
Испания қақтығыс аяқталған соң Украинаға БҰҰ-ны тартуға қолдау білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес атыс тоқтатылғаннан кейін Украинада бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз... 07.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-07T20:19+0500
2026-01-07T20:19+0500
2026-01-07T20:19+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d5b59289f7752dc16b590a3ef261b34.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес атыс тоқтатылғаннан кейін Украинада бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге Біріккен Ұлттар Ұйымын тартуды Мадрид қолдайтынын мәлімдеді.Оның айтуынша, қазіргі уақытта алдын ала жоспар туралы ғана сөз болып отыр, өйткені атыс әлі тоқтатылған жоқ. Альбарес еуропа елдері АҚШ пен Украинамен бірлесіп болашақ қауіпсіздік архитектурасын талқылап жатқанын, алайда мұндай бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруға әлі ерте екенін атап өтті.Сыртқы істер министрі испан әскерилерінің бітімгершілік миссиясына ықтимал қатысуы туралы айта келе, қоғам мұндай қадамды қолдайтынына сенім білдірді. Ол бұған дейін Ливанда және басқа да халықаралық операциялар аясында осындай қолдау болғанын еске салды. Сонымен қатар, үкімет бұл мәселе бойынша парламент күштерімен консультациялар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.Бұған дейін Испания премьер-министрі Педро Санчес қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинадағы ықтимал бітімгершілік миссиясына испан әскерилерінің қатысу мүмкіндігін парламент фракцияларымен талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерін Украина аумағына орналастырудың кез келген сценарийін Ресей қабылдамайтынын және бұл жағдайдың күрт шиеленісуіне әкелуі мүмкін екенін бірнеше рет атап өткен. Ұлыбритания мен басқа да Еуропа елдерінде НАТО елдерінің контингентін Украинаға орналастыру мүмкіндігі туралы айтылған мәлімдемелерді Ресей СІМ әскери қимылдарды жалғастыруға арандату деп бағалаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_337:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_c32b5be04041254fd5bd0a974adca309.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес атыс тоқтатылғаннан кейін Украинада бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге Біріккен Ұлттар Ұйымын тартуды Мадрид қолдайтынын мәлімдеді.
"Испания Украинада бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге БҰҰ-ның белгілі бір формада қатысқанын қалайды, бұл әлемнің көптеген өңірінде болып жатыр", — деді ол сәрсенбі күні RNE радиостанциясына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта алдын ала жоспар туралы ғана сөз болып отыр, өйткені атыс әлі тоқтатылған жоқ. Альбарес еуропа елдері АҚШ пен Украинамен бірлесіп болашақ қауіпсіздік архитектурасын талқылап жатқанын, алайда мұндай бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруға әлі ерте екенін атап өтті.
Сыртқы істер министрі испан әскерилерінің бітімгершілік миссиясына ықтимал қатысуы туралы айта келе, қоғам мұндай қадамды қолдайтынына сенім білдірді. Ол бұған дейін Ливанда және басқа да халықаралық операциялар аясында осындай қолдау болғанын еске салды. Сонымен қатар, үкімет бұл мәселе бойынша парламент күштерімен консультациялар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Бұған дейін Испания премьер-министрі Педро Санчес қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинадағы ықтимал бітімгершілік миссиясына испан әскерилерінің қатысу мүмкіндігін парламент фракцияларымен талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.
Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерін Украина аумағына орналастырудың кез келген сценарийін Ресей қабылдамайтынын және бұл жағдайдың күрт шиеленісуіне әкелуі мүмкін екенін бірнеше рет атап өткен. Ұлыбритания мен басқа да Еуропа елдерінде НАТО елдерінің контингентін Украинаға орналастыру мүмкіндігі туралы айтылған мәлімдемелерді Ресей СІМ әскери қимылдарды жалғастыруға арандату деп бағалаған.