https://sputnik.kz/20260107/dispanserlik-esepte-turgan-55-mynga-zhuyq-adamnyn-zhurgizushi-kualigi-bolgan---ministrlik-60203956.html
Диспансерлік есепте тұрған 55 мыңға жуық адамның жүргізуші куәлігі болған - министрлік
Диспансерлік есепте тұрған 55 мыңға жуық адамның жүргізуші куәлігі болған - министрлік
Sputnik Қазақстан
41 677 азаматтың жүргізуші куәлігі деректер түскен сәтте-ақ жарамсыз (күші жойылған) болған 07.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-07T10:53+0500
2026-01-07T10:53+0500
2026-01-07T10:53+0500
жүргізуші куәлігі
денсаулық сақтау
полиция
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8abc13dae3cce733dde1a617a765a822.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 1 787 жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Денсаулық сақтау министрлігі мен ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген. Нәтижесінде екі ведомство арасында цифрлық ынтымақтастық жасалып, тәртіп сақшылары денсаулық сақтау министрлігінің "Диспансерлік есепте тұрған пациенттердің электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне қосылған.Қалған 96 069 адам бойынша мыналар белгілі болды:Осылайша сот органдарына 4 540 талап арыз жіберіліп, оларды қарау нәтижесінде 1 787 жүргізуші куәлігінің күші жойылды. Аталған азаматтардың медициналық қарсы көрсетілімдеріне байланысты көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.Сонымен қатар, екі ведомствоның ақпараттық жүйелерінің арасында психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтар туралы деректерді нақты уақыт режимінде беру және жаңарту қамтамасыз етілді. Мәлімет алмасу автоматтандырылған форматта жүзеге асырылады және көлік құралын басқаруға рұқсат беру мәселелерін қарау кезінде қолданылады.
https://sputnik.kz/20250729/shymkentte-khqko-basshylygy-500-adamga-zhurgizushi-kualigin-zansyz-aluga-komektesken-56021550.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_bb0ae9c864b16a9d6d03663ea984e992.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі, денсаулық сақтау, полиция
жүргізуші куәлігі, денсаулық сақтау, полиция
Диспансерлік есепте тұрған 55 мыңға жуық адамның жүргізуші куәлігі болған - министрлік
41 677 азаматтың жүргізуші куәлігі деректер түскен сәтте-ақ жарамсыз (күші жойылған) болған
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 1 787 жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылды, деп хабарлады денсаулық сақтау
министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі мен ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген. Нәтижесінде екі ведомство арасында цифрлық ынтымақтастық жасалып, тәртіп сақшылары денсаулық сақтау министрлігінің "Диспансерлік есепте тұрған пациенттердің электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне қосылған.
"Бұл диспансерлік есепте тұрған 369 888 адамға талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Анықталғандай, олардың 273 819-ына бұрын жүргізуші куәлігі берілмеген", - деп жазылған хабарламада.
Қалған 96 069 адам бойынша мыналар белгілі болды:
41 677 азаматтың жүргізуші куәлігі деректер түскен сәтте-ақ жарамсыз (күші жойылған) болған;
54 392 азаматтың жүргізуші куәлігі қолданыста болған.
Осылайша сот органдарына 4 540 талап арыз жіберіліп, оларды қарау нәтижесінде 1 787 жүргізуші куәлігінің күші жойылды. Аталған азаматтардың медициналық қарсы көрсетілімдеріне байланысты көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.
Сонымен қатар, екі ведомствоның ақпараттық жүйелерінің арасында психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтар туралы деректерді нақты уақыт режимінде беру және жаңарту қамтамасыз етілді. Мәлімет алмасу автоматтандырылған форматта жүзеге асырылады және көлік құралын басқаруға рұқсат беру мәселелерін қарау кезінде қолданылады.