https://sputnik.kz/20260106/uitkoff-pen-kushner-ukraina-odaqtastarynyn-kezdesuine-qatysady--baq-60190586.html
Уиткофф пен Кушнер Украина одақтастарының кездесуіне қатысады – БАҚ
Уиткофф пен Кушнер Украина одақтастарының кездесуіне қатысады – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Венесуэладағы жағдайға байланысты іс-шараға қатыспайды 06.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-06T20:20+0500
2026-01-06T20:20+0500
2026-01-06T20:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58517203_0:80:1451:896_1920x0_80_0_0_01cf03884e6859a551691a85e68c3ed2.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. АҚШ делегациясы Франциядағы Украина одақтастарының келіссөзіне қатысады, деп хабарлады Politico.Оның айтуынша, мемлекеттік хатшы Марко Рубио Венесуэладағы жағдайға байланысты іс-шараға қатыспайды.Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, "ниет білдірушілер коалициясы" Киевке қауіпсіздік кепілдігін беру аясында елдер арасындағы міндеттерді түпкілікті бөлу үшін Парижде бас қосады.Трамп 28 желтоқсанда Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Владимир Зеленскиймен кездесті. Екіжақты келіссөздерден кейін Трамп пен Зеленский еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлесті. Зеленскиймен кездесуге дейін, Трамптың айтуынша, ол Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы өте нәтижелі сұхбат өткізген.АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы жағдайды реттеу жоспары әзірленіп жатқанын хабарлаған еді. Кремль Ресейдің келіссөздерге ашық екенін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58517203_0:0:1263:947_1920x0_80_0_0_8ea36876e365c0ecff9914ea0474aaca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Уиткофф пен Кушнер Украина одақтастарының кездесуіне қатысады – БАҚ
Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Венесуэладағы жағдайға байланысты іс-шараға қатыспайды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. АҚШ делегациясы Франциядағы Украина одақтастарының келіссөзіне қатысады, деп хабарлады Politico.
"АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен президент Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер сейсенбіде Украина одақтастарының кездесуіне қатысу үшін Парижге барады", - деп жазды басылым Елисей сарайының өкіліне сілтеме жасай отырып.
Оның айтуынша, мемлекеттік хатшы Марко Рубио Венесуэладағы жағдайға байланысты іс-шараға қатыспайды.
Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, "ниет білдірушілер коалициясы" Киевке қауіпсіздік кепілдігін беру аясында елдер арасындағы міндеттерді түпкілікті бөлу үшін Парижде бас қосады.
Трамп 28 желтоқсанда Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Владимир Зеленскиймен кездесті. Екіжақты келіссөздерден кейін Трамп пен Зеленский еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлесті. Зеленскиймен кездесуге дейін, Трамптың айтуынша, ол Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы өте нәтижелі сұхбат өткізген.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы жағдайды реттеу жоспары әзірленіп жатқанын хабарлаған еді. Кремль Ресейдің келіссөздерге ашық екенін жеткізді.