https://sputnik.kz/20260106/ubt-qalay-ozgeredi--ministrlik-negizgi-basymdyqty-atady-60188218.html
ҰБТ қалай өзгереді – министрлік негізгі басымдықты атады
ҰБТ қалай өзгереді – министрлік негізгі басымдықты атады
Sputnik Қазақстан
Келесі жылдан бастап тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық тестерге бейімделеді 06.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-06T15:45+0500
2026-01-06T15:45+0500
2026-01-06T15:45+0500
ұбт
ұлттық тестілеу орталығы
тест
кешенді тестілеу
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958767_0:33:2945:1689_1920x0_80_0_0_2989a981ad3faef089439dcf5cef2a6e.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі бір жылдан кейін ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасованың айтуынша, бүгінде ҰБТ-да көбінесе талапкердің математика жағынан талдау дағдыларына және академиялық сауаттылығына басымдық беріледі. Ал жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар заманында білім алу жолдары өзгеріп жатыр. Оған қоса, мектеп түлектерінің сол білімді қолдана білу дағдыларын дамытқан маңызды.Айта кетері, ҰБТ-ның жаңа форматы 2027-2029 жылдар аралығында сынақтан өткізіледі.
https://sputnik.kz/20251217/ubt-nyn-zhana-formaty-azirlenedi-59658057.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958767_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_baa80b73b10a8d76a21048604a44a4ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, ұлттық тестілеу орталығы, тест, кешенді тестілеу
ұбт, ұлттық тестілеу орталығы, тест, кешенді тестілеу
ҰБТ қалай өзгереді – министрлік негізгі басымдықты атады
Келесі жылдан бастап тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық тестерге бейімделеді
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі бір жылдан кейін ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасованың айтуынша, бүгінде ҰБТ-да көбінесе талапкердің математика жағынан талдау дағдыларына және академиялық сауаттылығына басымдық беріледі. Ал жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар заманында білім алу жолдары өзгеріп жатыр. Оған қоса, мектеп түлектерінің сол білімді қолдана білу дағдыларын дамытқан маңызды.
"Биыл ҰБТ форматы өзгермейді. Ал келесі жылдан бастап тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық тестерге бейімделеді. Ондай тестер талапкерлердің дағдысын анықтауға мүмкіндік береді. Осы орайда айта кеткен жөн, талапкерлерге қосымша жүктеме түспейді, керісінше, алған білімді қолдану деңгейін анықтауға көмектеседі", - деді Жарасова үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, ҰБТ-ның жаңа форматы 2027-2029 жылдар аралығында
сынақтан өткізіледі.