https://sputnik.kz/20260106/tarazda-muqtazh-zhandarga-beriluge-tiis-paterler-zansyz-taratylgan-60194124.html
Таразда мұқтаж жандарға берілуге тиіс пәтерлер заңсыз таратылған
Таразда мұқтаж жандарға берілуге тиіс пәтерлер заңсыз таратылған
Sputnik Қазақстан
Таразда мұқтаж жандарға берілуге тиіс пәтерлер заңсыз таратылған 06.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-06T21:36+0500
2026-01-06T21:36+0500
2026-01-06T21:36+0500
тараз
мұқтаждық
пәтер
баспана
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Таразда әлеуметтік осал отбасыларға арналған пәтерлер заңсыз таратылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.Прокуратура нарықтық құны 100 млн теңгеден асатын 10 пәтерді заңсыз иеленгендерді анықтады.Азамат бұл пәтерді қала тұрғынынан қолхатпен алғаны анықталды. Кейіннен пәтерді заң жүзінде иеленгенін алға тартып, сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырған.Нәтижесінде сот қала әкімдігінің нарықтық құны 30 млн теңге болатын 3 мүлікті: 2 пәтер, 1 үй жер учаскесін иесіз және коммуналдық меншік ретінде тану туралы талап арызын қанағаттандырды. Тағы 3 пәтердің мәселесі сотта қаралып жатыр.Сонымен қатар тіркеу органы тағы 3 пәтерді иесіз мүлік ретінде есепке алды. Былтыр сәуір айында қала прокуратурасы мемлекет меншігіне 10 пәтерді қайтарды.Бүгінгі таңда көрсетілген пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға берілді.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, мұқтаждық, пәтер, баспана
тараз, мұқтаждық, пәтер, баспана
Таразда мұқтаж жандарға берілуге тиіс пәтерлер заңсыз таратылған
Таразда мұқтаж жандарға берілуге тиіс пәтерлер заңсыз таратылған
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Таразда әлеуметтік осал отбасыларға арналған пәтерлер заңсыз таратылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Прокуратура нарықтық құны 100 млн теңгеден асатын 10 пәтерді заңсыз иеленгендерді анықтады.
"Қала прокурорының бастамасымен апелляциялық сот бірінші сатылы соттың актісін бұзып, құны 15 млн теңге құрайтын екі бөлмелі пәтерді мемлекетке қайтару туралы қаулы шығарды", - дейді прокуратура.
Азамат бұл пәтерді қала тұрғынынан қолхатпен алғаны анықталды. Кейіннен пәтерді заң жүзінде иеленгенін алға тартып, сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырған.
"Алайда апелляциялық сатыда талапкердің пәтерді сатып алғанын және онда 7 жыл бойы үздіксіз тұрғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны анықталды. Бұдан бөлек, прокуратура қала әкімдігіне иесіз объектілерге қатысты шара қабылдау үшін қадағалау актісін енгізді", - дейді ведомство.
Нәтижесінде сот қала әкімдігінің нарықтық құны 30 млн теңге болатын 3 мүлікті: 2 пәтер, 1 үй жер учаскесін иесіз және коммуналдық меншік ретінде тану туралы талап арызын қанағаттандырды. Тағы 3 пәтердің мәселесі сотта қаралып жатыр.
Сонымен қатар тіркеу органы тағы 3 пәтерді иесіз мүлік ретінде есепке алды. Былтыр сәуір айында қала прокуратурасы мемлекет меншігіне 10 пәтерді қайтарды.
Бүгінгі таңда көрсетілген пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға берілді.