Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар Ресейдің 46 азаматын эвакуациялады

© Photo : МЧС КазахстанаСолтүстік Қазақстанда құтқарушылар Ресейдің 46 азаматын эвакуациялады
Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар Ресейдің 46 азаматын эвакуациялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысында Ресейдің 46 азаматын эвакуациялады.
46 адамның біреуі бала. Олар автобуспен Есіл ауданында блок-постта қалып қойған. Құтқарушылар мен полицейлер барлық жолаушыны жылыту пунктіне орналастырды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, дейді ТЖМ.
Бұған дейін Қостанай облысындағы "Алматы – Екатеринбург" республикалық маңызы бар автожолының жабық учаскесінде құтқарушылар бес адамды эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізді, олардың екеуі - балалар.
Осы аймақта жеті жолаушысы бар қоғамдық көлік жол шетіндегі жырадан шығарылды.
ТЖМ ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ескертті.
Спасатели МЧС эвакуировали 34 человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Қызылорда облысында құтқарушылар 34 шетелдікті эвакуациялады
Жаңалықтар
0