Қазақстан мемлекеттік сатып алулар саласын 100% цифрландырды

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Жазылу
ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алулар саласында өзара жеткізілім 2024 жылы 728,7 млн долларды құрады
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мемлекеттік сатып алулар саласын 100% цифрландырды. Бұл туралы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулары" атты 2024 жылға арналған аналитикалық шолуда айтылды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, мемлекеттік сатып алуларды цифрландыру деңгейі Қырғызстанда да жоғары – 100%.
"5,6 млн мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілді, олардың шамамен 70%-ы электронды форматта жүзеге асырылды. Бұл ЕАЭО елдерінде жалпы алғанда осы саланың жоғары деңгейде цифрландырылғанын көрсетеді. Ең жоғары көрсеткіш Қазақстан мен Қырғызстанда – 100%, Ресейде – 72,4%", – деп хабарлады ЕЭК.
Комиссияның мәліметінше, 2024 жылы ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 143,5 млрд долларды құрады. Оның ішінде 105,1 млрд доллар немесе 73,9%-ы Одаққа мүше мемлекеттердің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) сатып алуға, ал 37,4 млрд доллар (26,1%) үшінші елдерден сатып алуға тиесілі.
"Бәсекелі рәсімдердің үлесі барлық өткізілген рәсімнің 50%-ынан асты және өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті", – деп атап өтті комиссия.
2024 жылы ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алулар аясында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзара жеткізілімі 728,7 млн долларды құрады.
Жаңалықтар
0