Досаевтың әйелі 2024 жылы 2,3 млрд теңге табыс тапқан

© Sputnik/Ертай СарбасовТоржественное открытие движения по Большой Алматинской кольцевой автодороге (БАКАД)
Торжественное открытие движения по Большой Алматинской кольцевой автодороге (БАКАД) - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Жазылу
Экс-әкімнің жұбайы люкс киім саласында бизнеспен айналысады
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы 2024 жылы 2,3 млрд теңге табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан президенті әкімшілігі кейбір қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларациялары туралы мәліметтерді жариялады.
Досаевтың өзі 2024 жылы әкім болып жұмыс істеген кезде 14 млн теңге табыс тапқан. Қыркүйек айында Досаев Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
Желідегі ашық деректер бойынша Досаевтың жұбайы люкс киім саласында бизнеспен айналысады. Сондай-ақ ол балаларды қолдау жөніндегі "Дара" қайырымдылық қорының құрылтайшысы және "Жалтырбұлақ" алтын өндіруші компаниясының акционері.
Серик Жумангарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Жұманғарин әйелінің қосымша табысын жариялады
Жаңалықтар
0