https://sputnik.kz/20260105/qazaqstan-kiberpolitsiyasy-2025-zhyly-shetelde-7-call-ortalyqty-zhoydy-60140577.html
Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды
Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды
Sputnik Қазақстан
Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T08:12+0500
2026-01-05T08:12+0500
2026-01-05T08:15+0500
полиция
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/1048/70/10487034_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_98c746ae48420a93d4f1a9da642a3dfe.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицейлер бұрынғы ұрлықтардың бәрі онлайнға көшіп, қылмыскерлер жаңа айла пайдаланып, азаматтардың ақшаларын ұрлау үшін интернеттің дамыған техникаларын қолданып жатқанын айтады.2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталды. Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оның бірі трансұлттық сипатта."Қазіргі уақытта қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қылмыскерлерден 88 sim-box алынды. Азаматтардың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру басты назарда. Халыққа қылмыстардың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып жатырмыз", - деді департамент басшысы.Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды.Алаяқтықтың арбауына түсіп қалмау үшін полиция жалған сілтемелерден өтпеуге жіне банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес берді.
https://sputnik.kz/20251227/bas-prokuratura-whatsapp-aaleumettik-zhelisindegi-kiberqylmys-zhoninde-eskertti-59972643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1048/70/10487034_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_75616f4ae71bb6724e98b1da1d987067.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқтық, қылмыс
полиция, алаяқтық, қылмыс
Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды
08:12 05.01.2026 (жаңартылды: 08:15 05.01.2026) Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Полицейлер бұрынғы ұрлықтардың бәрі онлайнға көшіп, қылмыскерлер жаңа айла пайдаланып, азаматтардың ақшаларын ұрлау үшін интернеттің дамыған техникаларын қолданып жатқанын айтады.
"Мұндай қылмыспен күресуді үш бағытта жүргізу қажет. Ол заңнамалық шаралар, екінші - техникалық шаралар, үшінші - профилактикалық шаралар. Осы шараларды бірлесіп атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталды. Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оның бірі трансұлттық сипатта.
"Қазіргі уақытта қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қылмыскерлерден 88 sim-box алынды. Азаматтардың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру басты назарда. Халыққа қылмыстардың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып жатырмыз", - деді департамент басшысы.
Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды.
Алаяқтықтың арбауына түсіп қалмау үшін полиция жалған сілтемелерден өтпеуге жіне банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес берді.