https://sputnik.kz/20260105/esirtki-saudasynan-tusken-paydaga-otbasylyq-meyramkhana-salgandar-qamauga-alyndy-60147542.html
Есірткі саудасынан түскен пайдаға отбасылық мейрамхана салғандар қамауға алынды
Есірткі саудасынан түскен пайдаға отбасылық мейрамхана салғандар қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T12:03+0500
2026-01-05T12:03+0500
2026-01-05T12:05+0500
алаяқтық
қамауға алынды
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.Сонымен қатар, күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.Қылмыстық іс сотқа жолданып, екі күдікті қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20260103/temirtauda-zhana-zhyldyq-bezendirudi-qasaqana-buldirgen-er-adam-qamauga-alyndy-60120104.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, қамауға алынды, қызылорда облысы
алаяқтық, қамауға алынды, қызылорда облысы
Есірткі саудасынан түскен пайдаға отбасылық мейрамхана салғандар қамауға алынды
12:03 05.01.2026 (жаңартылды: 12:05 05.01.2026) Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.
Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар, күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.
"Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған", - деп жазылған хабарламада.
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданып, екі күдікті қамауға алынды.