https://sputnik.kz/20260105/bankomat-izdegen-soltustik-qazaqstanda-qartan-ayel-alayaqtarga-aldanyp-qala-zhazdady-60158314.html
"Банкомат іздеген": Солтүстік Қазақстанда қартаң әйел алаяқтарға алданып қала жаздады
"Банкомат іздеген": Солтүстік Қазақстанда қартаң әйел алаяқтарға алданып қала жаздады
Sputnik Қазақстан
Абдыраған әйелді СҚО полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері байқап қалған 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T18:59+0500
2026-01-05T18:59+0500
2026-01-05T19:01+0500
алаяқтық
алаяқ
https://sputnik.kz/img/101/53/1015340_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_a738a43e7609befceb1ae0901570ccae.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 62 жастағы тұрғын алаяқтардың құрбаны болудан соңғы сәтте аман қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Желтоқсан айының соңында зейнеткерге белгісіз ер адам қоңырау шалып, оның атына маркетплейстен сәлемдеме келгенін айтқан. Жеткізуді растау үшін жіберілген кодты сұраған қоңырау шалушыға әйел күмәнданбастан деректерін айтып берген.Психологиялық қысымға түскен әйел банкке жүгініп, 500 мың теңге несие алған. Алаяқтар ақшаны Петропавл қаласындағы банкомат арқылы аударуды талап еткен соң, зейнеткер облыс орталығына жол тартқан.Сауда орталығында банкомат іздеп жүрген абдыраған әйелді СҚО полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері байқап қалады. Әңгіме барысында оның ұзақ уақыт бойы алаяқтардың ықпалында болғаны анықталған.Полицейлер алаяқтардың әрекетін дереу тоқтатып, күмәнді нөмірлерді бұғаттауға көмектесті, "қауіпсіз шот" деген ұғымның жоқ екенін түсіндіріп, ақшаны аудармауға көндірді. Сондай-ақ несие алудан ерікті түрде бас тарту үшін ХҚКО-ға жүгінуге кеңес берді.Полицияның жедел әрекетінің арқасында қаржы алаяқтардың қолына түскен жоқ. Әйел тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, мұндай жағдайдың өз басына түседі деп ойламағанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/101/53/1015340_264:0:2995:2048_1920x0_80_0_0_42c9f3be21b9f7821ae3fa2e581a4739.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, алаяқ
"Банкомат іздеген": Солтүстік Қазақстанда қартаң әйел алаяқтарға алданып қала жаздады
18:59 05.01.2026 (жаңартылды: 19:01 05.01.2026) Абдыраған әйелді СҚО полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері байқап қалған
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 62 жастағы тұрғын алаяқтардың құрбаны болудан соңғы сәтте аман қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Желтоқсан айының соңында зейнеткерге белгісіз ер адам қоңырау шалып, оның атына маркетплейстен сәлемдеме келгенін айтқан. Жеткізуді растау үшін жіберілген кодты сұраған қоңырау шалушыға әйел күмәнданбастан деректерін айтып берген.
"Осыдан кейін алаяқтар өзін банк және құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлаған. Ақшаны "сақтау" сылтауымен олар шұғыл түрде несие алып, қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды талап еткен", - деп жазылған хабарламада.
Психологиялық қысымға түскен әйел банкке жүгініп, 500 мың теңге несие алған. Алаяқтар ақшаны Петропавл қаласындағы банкомат арқылы аударуды талап еткен соң, зейнеткер облыс орталығына жол тартқан.
Сауда орталығында банкомат іздеп жүрген абдыраған әйелді СҚО полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері байқап қалады. Әңгіме барысында оның ұзақ уақыт бойы алаяқтардың ықпалында болғаны анықталған.
Полицейлер алаяқтардың әрекетін дереу тоқтатып, күмәнді нөмірлерді бұғаттауға көмектесті, "қауіпсіз шот" деген ұғымның жоқ екенін түсіндіріп, ақшаны аудармауға көндірді. Сондай-ақ несие алудан ерікті түрде бас тарту үшін ХҚКО-ға жүгінуге кеңес берді.
Полицияның жедел әрекетінің арқасында қаржы алаяқтардың қолына түскен жоқ. Әйел тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, мұндай жағдайдың өз басына түседі деп ойламағанын айтты.