https://sputnik.kz/20260104/qazaqstanda-mobildi-alayaqtyqqa-qarsy-sharalar-kusheytiledi-60132474.html
Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтіледі
Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі 04.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-04T18:23+0500
2026-01-04T18:23+0500
2026-01-04T19:30+0500
министрлік
алаяқтық
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40602535_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_f4d208e38a7ce9deab15a4e155f7e65f.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда азаматтарды мобильді және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған жаңа тетіктер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда, операторлар абонент туралы мәліметтерді Антифрод-орталыққа жолдап, тексеру жүргізеді. Алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталып, байланыс қызметі тоқтатылады."Сонымен қатар абоненттік нөмірлерді рәсімдеу тәртібі нақтыланды. Бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі. Бұдан артық нөмірлерді рәсімдеу тек нақты негіздеме болған кезде және олардың қандай құрылғыларда пайдаланылатыны көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады", - дейді ведомствода.Бұл шешім нөмірлерді жаппай тіркеу арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған.Абоненттерді сәйкестендіру талаптары да күшейтіледі. Енді SIM-карталарды рәсімдеу биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл талап бизнес құрылымдарға да қатысты: қызметтік мақсатта SIM-карта берілетін барлық қызметкерлер жеке басын растауы тиіс. Мұндай тәсіл телефон нөмірлерін жасырын пайдалануды болдырмай, олардың заңды әрі жауапты қолданылуын қамтамасыз етеді.Міндетті биометриялық сәйкестендіру SIM-карталардың делдалдар арқылы заңсыз сатылу мәселесін де шешуге мүмкіндік береді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады.
https://sputnik.kz/20251217/mobildi-audarymdar-qanday-zhagdayda-baqylauga-alynady-ministr-tusindirdi-59654011.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40602535_131:0:2860:2047_1920x0_80_0_0_b79498449c2fcbf340ee7fef5d29b104.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, алаяқтық, қауіпсіздік
министрлік, алаяқтық, қауіпсіздік
Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтіледі
18:23 04.01.2026 (жаңартылды: 19:30 04.01.2026) Бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда азаматтарды мобильді және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған жаңа тетіктер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
"Негізгі жаңашылдықтардың бірі – ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен тұрақты өзара іс-қимылы. Бұл алаяқтық мақсатта пайдаланылатын телефон нөмірлерін дер кезінде анықтап, жедел бұғаттауға жол ашады", - дейді министрлікте.
Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда, операторлар абонент туралы мәліметтерді Антифрод-орталыққа жолдап, тексеру жүргізеді. Алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталып, байланыс қызметі тоқтатылады.
"Сонымен қатар абоненттік нөмірлерді рәсімдеу тәртібі нақтыланды. Бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі. Бұдан артық нөмірлерді рәсімдеу тек нақты негіздеме болған кезде және олардың қандай құрылғыларда пайдаланылатыны көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады", - дейді ведомствода.
Бұл шешім нөмірлерді жаппай тіркеу арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған.
Абоненттерді сәйкестендіру талаптары да күшейтіледі. Енді SIM-карталарды рәсімдеу биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл талап бизнес құрылымдарға да қатысты: қызметтік мақсатта SIM-карта берілетін барлық қызметкерлер жеке басын растауы тиіс. Мұндай тәсіл телефон нөмірлерін жасырын пайдалануды болдырмай, олардың заңды әрі жауапты қолданылуын қамтамасыз етеді.
Міндетті биометриялық сәйкестендіру SIM-карталардың делдалдар арқылы заңсыз сатылу мәселесін де шешуге мүмкіндік береді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады.