Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
4 қаңтарда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
4 қантарда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін әлем Ньютон күнін атап өтеді. Ғалымдар, зерттеушілер мен ғылыми тәжірибелерді ұнататындар бұл күні Лондондағы Ньютонның қабіріне барады. Исаак Ньютон — ұлы ағылшын ғалымы, данышпан және уникум. Ол 1643 жылы 4 қаңтарда фермерлер отбасында дүниеге келді. Анасы оны мерзімінен ерте босанғандығына қарамастан табандылық танытып, өзінің әлдеқайда мықты адам екенін дәлелдеді. Ньютон физика, математика, механика, астрономия және алхимиямен айналысқан. Өмірінің соңын тарих пен теологияға арнады. Ол 83 жас өмір сүрді. Өзінен кейін көптеген жаңалық қалдырды. Олардың ішінде ең құндысы — тартылыс заңы. Британиялық институт 2008 жылдан бері физика саласынде зерттеулер жүргізіп жүрген үздік жас ғалымдарға Исаак Ньютон атындағы медаль табыстап келеді.
Бүгін - Дүниежүзілік гипноз күні. Бұл мереке 2006 жылы доктор Джек Гибсонның қайтыс болған күніне орай белгіленді. Танымал ирландиялық гипнотерапевт өзінің бүкіл мансабын дерлік гипноздық әсерді қолдана отырып психосоматикалық бұзылуларды емдеуге арнады. Ол 2005 жылы 4 қаңтарда қайтыс болды, ал бір жылдан кейін оның әріптестері жыл сайын мереке өткізуді ұсынды. Негізгі мақсаты гипнозға қатысты аңыздар мен мифтерді жоққа шығару болды.
Сондай-ақ бүгін АҚШ-та Ұлттық спагетти күні аталып өтеді. Спагетти негізінен италиялық тағам болып саналса да, Америка халқы да оны жегенді ұнатады. ХХІ ғасырдың басында АҚШ-та спагетти сатылымы 1,3 миллион фунттан асты. Осы кездегі барлық спагеттидің ұзындығы экваторды тоғыз рет айналып шығуға жететін еді. Күнделікті асүйде жейтін спагеттидің диаметрі 2 миллиметрден, ал ұзындығы 15-25 сантиметрден аспайды. Олардың жіңішке түрі спагеттини, ал жуан түрі спагеттони деп аталады.
4 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар
1885 жылы Айова штатында дәрігер Уильям Грант әлемдегі алғашқы аппендэктомия отасын сәтті жасады;
1908 жылы Петербург қаласында орыс балеринасы Анна Павлова алғаш рет "Өлген аққу" миниатюрасын орындады;
1954 жылы Элвис Пресли өзінің алғашқы әндерін жазды;
1985 жылы Лондон клиникасында әлемдегі алғашқы суррогат ана Коттон ханшайым дүниеге келді;
2004 жылы "Spirit" Марсқа барып қонды;
2010 жылы дүние жүзіндегі ең биік зәулім ғимарат Бурдж Дубай ашылды.
4 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1995 жылы Арыс станциясынан Шу станциясы арқылы өтетiн темiр жолдың 582-шi километрлiк электрлендiрiлген бөлiмшесiнің салтанатты ашылу рәсімі өтті;
2013 жылы Павлодар қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан облыс тұрғындарына арналған "Еңбек даңқы аллеясы" ашылды.
4 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1642 жылы классикалық физиканың негізін қалаушылардың бірі, математик, механик, астроном Исаак Ньютон дүниеге келді;
1941 жылы америкалық режиссер Джордж Пан Косматос дүниеге келді.
1963 жылы ән мәтіндерінің авторы әрі вокалист, Rammstein неміс группасының фронтмені Тилль Линдеманн туды.
1965 жылы британдық актриса және продюсер Джулия Ормонд дүниеге келді.
4 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1938 жылы актриса, Қазақстанның халық әртісі Әсия Абылаева өмірге келді;
1949 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Байымбет Қожабаев туды.