https://sputnik.kz/20260104/balalar-auruyna-sebep-bolatyn-arzan-vaktsina-satyp-alyndy-ministrlik-tusinikteme-berdi-60132231.html
Балалар ауруына себеп болатын "арзан вакцина" сатып алынды: министрлік түсініктеме берді
Балалар ауруына себеп болатын "арзан вакцина" сатып алынды: министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады 04.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-04T16:30+0500
2026-01-04T16:30+0500
2026-01-04T16:30+0500
бала
вакцина
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26238098_0:317:3079:2048_1920x0_80_0_0_5df62dd3e1866c7f83c5ea90b1c35c0e.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Балалар ауруына себеп болатын вакциналар сатып алынды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді.Министрлік әлеуметтік желілерде тараған балалардың ауруына себеп болады деген "арзан вакциналарды сатып алу" туралы ақпараттың жалған екенін айтты.Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар көпсатылы халықаралық және ұлттық сараптамадан өтеді."Вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады. Вакциналарды сатып алу "арзан" қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштеріне ғана негізделе отырып жүзеге асырылады", - дейді денсаулық сақтау министрлігінде.Ведомство сатып алу кезіндегі талаптар тізімін жазды:"Вакциналар "балаларда ауру туындатады" деген мәлімдемелердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келеді. Керісінше, вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір төмендетуге, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді", - деп жазды министрлікте."Министрлікте медициналық білімі мен тиісті кәсіби құзыреті жоқ тұлғалардың мұндай мәлімдемелері таратуы ата-аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20251225/qantardyn-zeynetaqysy-zheltoqsanda-tolenetini-ras-pa--ministrlik-malimdeme-zhasady-59940390.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26238098_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_f041e3dfee242cde0bd822b4c5f823aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, вакцина, министрлік
бала, вакцина, министрлік
Балалар ауруына себеп болатын "арзан вакцина" сатып алынды: министрлік түсініктеме берді
Вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Балалар ауруына себеп болатын вакциналар сатып алынды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа денсаулық сақтау министрлігі
түсініктеме берді.
Министрлік әлеуметтік желілерде тараған балалардың ауруына себеп болады деген "арзан вакциналарды сатып алу" туралы ақпараттың жалған екенін айтты.
"Бұл мәлімдемелер "Әңгіме бар" подкастында журналист Айнур Асанбердімен болған сұхбатта "Нархоз" университетінің профессоры ретінде таныстырылған Күлзада Абенованың айтқан пікірлеріне қатысты", - дейді министрлікте.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар көпсатылы халықаралық және ұлттық сараптамадан өтеді.
"Вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады. Вакциналарды сатып алу "арзан" қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштеріне ғана негізделе отырып жүзеге асырылады", - дейді денсаулық сақтау министрлігінде.
Ведомство сатып алу кезіндегі талаптар тізімін жазды:
ДДҰ-ның квалификация алды өтуі немесе қатаң реттеуші бақылауы бар елдерде тіркелуі;
клиникалық зерттеулердің нәтижелері;
өндірістік тиісті практика (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингінің деректері.
"Вакциналар "балаларда ауру туындатады" деген мәлімдемелердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келеді. Керісінше, вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір төмендетуге, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді", - деп жазды министрлікте.
"Министрлікте медициналық білімі мен тиісті кәсіби құзыреті жоқ тұлғалардың мұндай мәлімдемелері таратуы ата-аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.