Трамп Мадуроның ұсталғаннан кейінгі суретін жариялады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуНиколас Мадуро
Николас Мадуро - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Дональд Трамп Венесуэла президенті Мадуроның ұсталғаннан кейінгі суретін жариялады.
Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Николас Мадуроның америкалық әскери кеменің бортында түсірілген суретін жариялады.
Еске салсақ, бүгін Венесуэла астанасында жарылыстар болып, елде төтенше жағдай жарияланды. Трамп Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізгенін мәлімдеді.
"Президент Николас Мадуро мен оның әйелі тұтқынға алынып, елден шығарылды. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді", - деді Трамп.
Взрыв в Каракасе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
АҚШ-пен қақтығыс ушықты: Венесуэла астанасы Каракаста бірнеше жарылыс болды
Жаңалықтар
0