Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы шабуылын айыптады

© Sputnik / Наталья СеливерстоваЗдание Министерства иностранных дел РФ в Москве
Здание Министерства иностранных дел РФ в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Жазылу
Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін дереу шақыруды қолдады
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы қарулы әрекеті алаңдаушылық тудырады, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі.
"Бүгін таңертең АҚШ Венесуэлаға қарсы қарулы агрессия жасады. Бұл алаңдаушылық пен айыптауды тудырады. Мұндай әрекеттерге АҚШ-тың келтірген дәйектері еш негізсіз", - делінген ресми сайтта жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ министрлік Ресей Венесуэла билігі мен Латын Америкасы елдері басшылығының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын жедел шақыру туралы мәлімдемесін қолдайтындығын жеткізді.
Взрыв в Каракасе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
АҚШ-пен қақтығыс ушықты: Венесуэла астанасы Каракаста бірнеше жарылыс болды
Жаңалықтар
0