Қазақстанда былтыр қанша көлік шығарылды

© Photo : официальный сайт премьер-министра КазахстанаЗавод "СарыаркаАвтоПром" в Костанае, где совместно с UzAuto Motors началась сборка Chevrolet
Завод СарыаркаАвтоПром в Костанае, где совместно с UzAuto Motors началась сборка Chevrolet - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Жазылу
2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 көлік көлік шығарылды
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. 2025 жылы Қазақстанда рекордтық деңгейде автомобиль шығарылды, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, қарашада 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылды. Бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті.
"Әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме жасап шығарды. Сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды", - дейді министрлік.
Нәтижесінде Chery, Changan және Haval халықаралық брендтерінің жаппай өндірісі іске қосылды. Олар Қазақстанда жергілікті деңгейде өндіріледі.
"2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 дана көлік өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық", - дейді көлік министрлігі.
Бүгінде автомобиль жасау саласы бүкіл машина жасау секторының 41,7%-ін құрайды.
Жаңалықтар
0