Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаҚазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды
Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Жазылу
Қазақстан ТМД кеңістігінде мұндай ауқымдағы желіні іске асырған алғашқы ел болып табылады
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ведомствоаралық радио желісі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаҚазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды
Органы гражданской обороны Казахстана объединили систему УКВ-радиосвязи - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды
Бұған дейін әрбір өңірдің дербес радиобайланыс жүйесі болған. Ондайда төтенше жағдай кезінде бөлімшелерді басқару тиімділігі айтарлықтай төмендейді. Осыған байланысты былтыр бірыңғай радиобайланыс жүйесін құру бойынша нақты шаралар қолға алынып, жыл бойы базалық станцияларды орнату жұмыстары атқарылды.
"Осы шаралар еліміздің барлық өңірлерін бірыңғай радио желісіне біріктіруге мүмкіндік берді және оны одан әрі кеңейту үшін, оның ішінде шалғайдағы аудан орталықтары мен жетуге жолы қиын аумақтарды қамту есебінен жағдай жасады", - дейді құтқарушылар.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаҚазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды
Органы гражданской обороны Казахстана объединили систему УКВ-радиосвязи - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды
Биыл бірыңғай жүйені одан әрі дамыту аясында облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрақты радиосигналды қамтамасыз ету үшін қосымша базалық станциялар сатып алынады.
Ал SmartOne диспетчерлік платформасын қолдана отырып, аудандық бөлімшелердің цифрлық ретрансляторлары транкингтік желіге біріктіріледі. Соның нәтижесінде ірі ауылдық елді мекендерде, шалғайдағы объектілерде, автожолдарда және орман алқаптарында радиобайланыс болады.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаҚазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды
Органы гражданской обороны Казахстана объединили систему УКВ-радиосвязи - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде аса қажетті жүйе іске қосылды

"Дамудың келесі маңызды кезеңі транкингтік желілер, 3G/4G/LTE кең жолақты қолжетімділік желілері және интернет желілері корреспонденттерінің жұмысын бірыңғай коммуникациялық кеңістікте біріктіруге мүмкіндік беретін HyTalk коммутациялық жабдығын пайдалана отырып байланысты ұйымдастыру болады", - деп атап көрсетті мамандар.

Айта кетері, Қазақстан ТМД кеңістігінде бұндай ауқымдағы және аумақтық қамтудағы радио желісін іске асырған алғашқы ел болып табылады. Бірыңғай радиобайланыс желісі құтқарушылар, ұлттық ұлан мен полицейлерге төтенше жағдай кезінде өзара келісіп жұмыс істеуге қажет.
Архивное фото схода лавины - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Төтенше жағдайлар министрлігі қар көшкіні болатынын ескертті
Жаңалықтар
0