5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлік нөмірін өздері еркін таңдай алады

© Sputnik / Абзал КалиевМемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Жазылу
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді
АСТАНА, 2 қаңтар-Sputnik. 5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді.

"5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда), — деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Көліктерге жалған мемлекеттік нөмір таққан автосалон қызметкері ұсталды
Жаңалықтар
0