"Асығыс қабылданған шешімдер сәтсіздікке әкеледі": нумеролог қаңтар қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 қаңтар - Sputnik. 2026 жылдың қаңтар айы шиеленіске толы болады. Бұл туралы нумеролог Ирина Кальницкая айтты. Қаңтарда болуы мүмкін басқа да болжамдар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Өзара келіспеушілікті ұмытатын уақыт
2026 жылдың бірінші айы оңай болмайды, деп ескертеді белгілі қазақстандық нумеролог Ирина Кальницкая. Күш пен бәсекелестіктің агрессивті энергиясы тіпті үлкен төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін, дейді ол.
"Әдетте бәсекелестік энергиясы қашан да дау тудырады. Егер қарсыластар өзара келісім жасап, бір мақсатқа бет бұрса, онда мықты серіктеске айналады. Яғни, екі тарап бірігіп, күштерін бір арнаға, бір мақсатқа бұрса, сөзсіз жетістікке жетеді", - дейді Ирина Кальницкая.
Оның айтуынша, бұл жеке адамдарға ғана емес, жалпы жаһандық тұрғыдан да байқалады. Мұндай жағдайда екі жол бар, оң немесе теріс нәтиже, бұл - қарама-қарсы тараптың тек даналығына ғана байланысты.
"Бірінші нұсқада - ажырасу. Мысалы, күйеуі мен әйелі немесе достары арасындағы қақтығыс, егер бірі екіншісін төмендетумен болса немесе өз пайдасына ғана шешім қабылдаса, мұндай тараптар сөзсіз екіге кетеді. Яғни қаңтар айында мұндай қарым-қатынастар бұзылады. Егер мұндай екі тарап қиындыққа төтеп беріп, ауызбіршілікте болса, онда мұндай жандар биік асуларды бағындырады", - деп түсіндіреді нумеролог.
Кальницкая қаңтарда оқиғаны дамытудың екі нұсқасы да мүмкін болғанына қарамастан, көп жағдайда бәрі одақтардың жойылуына емес, олардың құрылуына әкелетініне сенімді. Әсіресе, егер бұл жаһандық ірі ойыншыларға қатысты болса.
"Яғни, 2026 жылдың қаңтар айы қайшылыққа толы болады. Бірақ қақтығыстар негізінен ұсақ себептерге байланысты. Үнемі назарда, күн тәртібінде болу үшін ақпараттар айдынында ауқымды мәлімдемелер жасалады", - дейді ол.
Қаңтар айы кімдер үшін қиынға соғады
2026 жылдың қаңтары - бұл сіздің денсаулығыңызға арналған ай. Қандай да бір сырқат мазалап жүрсе, дәрігерге қаралып, себебін анықтау үшін қолайлы ай. Диагнозыңызды анықтап, қажет болған жағдайда отаға да келісу керек.
Айтпақшы, спортпен шұғылдануды ұмытпаңыз.
"Қаңтар айында көптеген адам күш-қуатының артқанын сезінеді. Алайда кейбіреулер мұны ашуланшақтық деп санауы мүмкін. Мұндай адамдар бірінші кезекте спортқа баруы керек. Сондай-ақ қандай да бір физикалық еңбекпен айналысу керек", - дейді Ирина Кальницкая.
Мамық жастық, жайлы төсекті ұнататындар үшін бұл ай оңайға соқпауы мүмкін. Өйткені бұл қаңтар қозғалысты көп қажет етеді. Ал физикалық көп қимылдамайтындар үшін ашуланшақтыққа әкеп соғуы мүмкін.
"Агрессивті мінез бойына жиналып қалған адамдар үшін ауырға соғады. Қайталап айтамын, мұнда тек бір ғана жол бар, ол - спорт және физикалық еңбек, күш, қозғалыс", - деп ескертеді нумеролог.
2026 жылдың қаңтарында қан қысымы барлар абай болуы керек. Өйткені қаңтар эмоцияға толы ай.
"Қысым міндетті түрде адамның жүйке күйінен ғана емес, ол тіпті жағымды эмоциялардың көптігінен де болуы мүмкін. Ал қаңтарда эмоциялар шектен тыс көп болады", - дейді нумеролог.
Қаңтарда менмендікке жол бермеу керек
Бұл сөздің материалдық жағына келетін болсақ, Кальницкая алаңдамауға кеңес берді. Өйткені қаңтарда адамдардың материалдық жағдайы тұрақты болады. Оның айтуынша, бұл айда жұмыс істей салып, бірден олжаға кенелемін деп сенуге болмайды.
"Негізі қаңтарда еткен еңбегіңіз үшін міндетті түрде материалдық сыйақы болады. Бірақ бірден емес. Қаңтар айы ойда жүрген шаруаны бастауға қолайлы ай. Бірақ бірден қомақты қаржы табамын деп үміттенбеу керек", - деп ескертеді маман.
Тағы бір жәйт, қаңтарда менменшіл, өзімшіл болмау керек. Керісінше бұл айда барынша қамқорлық жасауға тырысу керек. Өйткені сіз табатын қомақты қаржы тікелей сіз жасаған жақсылыққа байланысты болуы мүмкін.
"Бұл орайда үйіп-төгіп немесе тым шашылып көмек көрсету емес, жақсылықтың шын жүректен болуы өте маңызды", - деп түсіндіреді Ирина Кальницкая.
Қаңтар-2026: жаңа өмірге қадам
2026 жылдың қаңтары - өзгеру уақыты, оның ішінде өмірге қатысты. Нумерологтың айтуынша, бедел мен байлық екінші орынға түсіп, адамдар неғұрлым қарапайымдылыққа бет бұрады.
Маманның кеңесі бойынша кез келген, әсіресе маңызды шешімдер қабылдауға болмайды.
"Мен асықпауға кеңес берер едім, өйткені қаңтарда асығыс қабылданған шешімдер сәтсіздікке әкеледі", - дейді Кальницкая.
Қандай да бір маңызды шешім қабылдамас бұрын, сәл кідіріс жасап, дәл осы сәтті сырттан бақылау керек дейді нумеролог. Сабырмен жасалған шешім қомақты олжаға әкеледі, дейді ол.
"Алдағы қаңтар - өткеннің есігі жабылып, болашаққа жасалған қадам. Бұл сөзбе-сөз ескіден жаңаға, жаңа өмірге толық көшу. Ең бастысы, өткенді қайтаруға тырыспаңыз. Бұл айда бұрынғыдай ешқашан болмайтынын түсіну маңызды", - дейді Ирина Кальницкая.
Оның айтуынша, 2026 жылдың қаңтары бізге сыртқы әлем, қоғам үшін қаншалықты пайдалы екенімізді үйретеді және тексереді. Өзінің іс-әрекеті мен өзінің қаншалықты пайдалы екенін дәлелдей алмайтын адам осы уақыт аралығында қиындықтарға тап болады.