https://sputnik.kz/20260101/tarazdagy-ort-arnayy-komissiya-quryldy-60093182.html
Тараздағы өрт: арнайы комиссия құрылды
Тараздағы өрт: арнайы комиссия құрылды
Sputnik Қазақстан
Үйдің кейбір тұрғындары қонақ үйге орналастырылды 01.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-01T18:28+0500
2026-01-01T18:28+0500
2026-01-01T18:34+0500
тараз
өрт
өрт сөндіру
https://sputnik.kz/img/07ea/01/01/60073643_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_4dfa0d3abac795788fbfa6ce976e7cde.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Таразда көпқабатты үйде болған өрттен кейін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Бүгін оқиға орнына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те барды. Оның айтуынша, өрттің шығу ошағын, себебі мен шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.Қазіргі кезде мердігерлер шатыр жабындыларын алып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Ал пәтерлерді жөндеу комиссияның нақтылау мен анықтау шараларынан кейін атқарылады.Айта кетері, 31 желтоқсанда сағат 22:18-де "Қарасу" шағын ауданындағы көпқабатты үйдің балконынан өрт шығып, шатырға тарап кеткен. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші барған. Олар тілсіз жаумен екі сағаттай күресті. Үйден 100 адам, соның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.Үйдің кейбір тұрғындары қонақ үйге орналастырылды.
https://sputnik.kz/20260101/tarazda-zhana-zhyl-tuni-100-adam-uyinen-evakuatsiyalandy-60081267.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/01/60073643_1:0:1280:959_1920x0_80_0_0_53f7712933a10973091d7d802a3cc612.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, өрт, өрт сөндіру
Тараздағы өрт: арнайы комиссия құрылды
18:28 01.01.2026 (жаңартылды: 18:34 01.01.2026) Үйдің кейбір тұрғындары қонақ үйге орналастырылды
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Таразда көпқабатты үйде болған өрттен кейін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына
сілтеме жасап.
Бүгін оқиға орнына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те барды. Оның айтуынша, өрттің шығу ошағын, себебі мен шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
"Тұрғын үйге нысаналы төтенше жағдай жарияланды. Әр пәтер бойынша келтірілген шығын есептеліп, заң талаптарына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі", – дейді Қарашөкеев.
Қазіргі кезде мердігерлер шатыр жабындыларын алып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Ал пәтерлерді жөндеу комиссияның нақтылау мен анықтау шараларынан кейін атқарылады.
Айта кетері, 31 желтоқсанда сағат 22:18-де "Қарасу" шағын ауданындағы көпқабатты үйдің балконынан өрт шығып, шатырға тарап кеткен. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші барған. Олар тілсіз жаумен екі сағаттай күресті. Үйден 100 адам, соның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Үйдің кейбір тұрғындары қонақ үйге орналастырылды.