https://sputnik.kz/20260101/qolynda-zharylgan-pavlodarda-birneshe-adam-pirotekhnikadan-zardap-shekti-60093021.html
"Қолында жарылған": Павлодарда бірнеше адам пиротехникадан зардап шекті
"Қолында жарылған": Павлодарда бірнеше адам пиротехникадан зардап шекті
Sputnik Қазақстан
18 жастағы бозбала сатып алынған фейерверктің атылғанына көз жеткізбек болған кезде көзін жарақаттап алды 01.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-01T17:20+0500
2026-01-01T17:20+0500
2026-01-01T17:18+0500
жаңа жыл
жарақат
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/874/05/8740570_0:72:3216:1881_1920x0_80_0_0_0715c4143c654c922de2047f177272f1.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында пиротехникадан жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Петардалар мен фейерверктерден зардап шеккендердің арасында екі бала бар.Ал түнгі сағат 01:26-да жедел жәрдем қызметіне Кенжекөл ауылынан хабарласты. Онда қолында "бомбочка" жарылған 33 жастағы ер адам зардап шекті.Осы орайда дәрігерлер негізгі екі қателікті атап өтті. Адамдар петарданы тұтатқаннан кейін қолда ұстап тұрады және салюттің атылған-атылмағанын тексеруге тырысады. Ал адамның реакциясы зарядтың жарылыс жылдамдығынан әлдеқайда баяу. Бұдан бөлек, балалардың пиротехниканы бақылаусыз қолдануына жол бермеу керек.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/874/05/8740570_307:0:2910:1952_1920x0_80_0_0_e763b3912423ef5040ae79ea17783976.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа жыл, жарақат, павлодар облысы
жаңа жыл, жарақат, павлодар облысы
"Қолында жарылған": Павлодарда бірнеше адам пиротехникадан зардап шекті
18 жастағы бозбала сатып алынған фейерверктің атылғанына көз жеткізбек болған кезде көзін жарақаттап алды
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында пиротехникадан жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Петардалар мен фейерверктерден зардап шеккендердің арасында екі бала бар.
"Мәселен, Жаңа жыл басталғаннан кейін 28 минут өткенде кеуде тұсын термиялық күйік шалған 16 жастағы қыз балаға көмек қажет болды. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Сол ауруханаға қолында петарда жарылған 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Ол екі көз алмасының және сол жақ қолының термиялық күйігін алған", - дейді дәрігерлер.
Ал түнгі сағат 01:26-да жедел жәрдем қызметіне Кенжекөл ауылынан хабарласты. Онда қолында "бомбочка" жарылған 33 жастағы ер адам зардап шекті.
"Күйік шалған және қолы жарақаттанған науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Тағы бір жағдайда 18 жастағы бозбала сатып алынған фейерверктің атылғанына көз жеткізбек болған кезде көзін жарақаттап алды. Медициналық тексеруден кейін ол ауруханаға жатудан бас тартты", - деп атап өтті мамандар.
Осы орайда дәрігерлер негізгі екі қателікті атап өтті. Адамдар петарданы тұтатқаннан кейін қолда ұстап тұрады және салюттің атылған-атылмағанын тексеруге тырысады. Ал адамның реакциясы зарядтың жарылыс жылдамдығынан әлдеқайда баяу. Бұдан бөлек, балалардың пиротехниканы бақылаусыз қолдануына жол бермеу керек.