https://sputnik.kz/20251231/polsha-premeri-ukrainaga-qatysty-malimdeme-zhasady-60069782.html
Польша премьері Украинаға қатысты мәлімдеме жасады
Польша премьері Украинаға қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Украинада алдағы бірнеше аптада бейбітшілік орнауы мүмкін, деп мәлімдеді Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа елдерінің... 31.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-31T17:01+0500
2025-12-31T17:01+0500
2025-12-31T17:02+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/10/59627337_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_14fa0652aa13ec7a2d828d2f9f8907cd.jpg
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Украинада алдағы бірнеше аптада бейбітшілік орнауы мүмкін, деп мәлімдеді Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа елдерінің өзге басшыларымен, Канада және НАТО өкілдерімен өткен келіссөздерден кейін.Reuters-дің мәліметінше, Туск "алыс емес" деп айлар немесе жылдарды емес, дәл алдағы апталарды меңзеп отырғанын нақтылаған.Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридада Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша АҚШ басшысы тараптардың қақтығысты реттеу мәселесінде алға жылжығанын айтып, бейбіт келісімге асығу қажет екенін жеткізді.Зеленскиймен кездесудің алдында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Кремль өкілі Юрий Ушаковтың айтуынша, әңгіме 1 сағат 15 минутқа созылып, достық сипатта өрбіген. Трамп қақтығысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау қажеттігін табанды түрде алға тартқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/10/59627337_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_1ca9ca3213d0208d3c1e5a013246d0ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Польша премьері Украинаға қатысты мәлімдеме жасады
17:01 31.12.2025 (жаңартылды: 17:02 31.12.2025) АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Украинада алдағы бірнеше аптада бейбітшілік орнауы мүмкін, деп мәлімдеді Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа елдерінің өзге басшыларымен, Канада және НАТО өкілдерімен өткен келіссөздерден кейін.
"Бейбітшіліктің ауылы алыс емес. Қақтығысты аяқтауға негіз болатын оқиғаларға куә болдық, соғыс жақында аяқталуы мүмкін. Алайда бұл әзірге үміт қана, нақты шешім емес", — деп атап өтті ол.
Reuters-дің мәліметінше, Туск "алыс емес" деп айлар немесе жылдарды емес, дәл алдағы апталарды меңзеп отырғанын нақтылаған.
Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридада Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша АҚШ басшысы тараптардың қақтығысты реттеу мәселесінде алға жылжығанын айтып, бейбіт келісімге асығу қажет екенін жеткізді.
Зеленскиймен кездесудің алдында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Кремль өкілі Юрий Ушаковтың айтуынша, әңгіме 1 сағат 15 минутқа созылып, достық сипатта өрбіген. Трамп қақтығысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау қажеттігін табанды түрде алға тартқан.