https://sputnik.kz/20251230/zelenskiy-aqsh-tarapymen-ukrainada-amerikalyq-asker-ornalastyrudy-talqylap-zhatyr-60056577.html
Зеленский АҚШ тарапымен Украинада америкалық әскер орналастыруды талқылап жатыр
Зеленский АҚШ тарапымен Украинада америкалық әскер орналастыруды талқылап жатыр
Sputnik Қазақстан
Бұл АҚШ әскері, сондықтан мұндай шешімдерді Америка қабылдайды, деді Зеленский 30.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-30T22:57+0500
2025-12-30T22:57+0500
2025-12-30T22:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1d/56682498_0:74:2700:1594_1920x0_80_0_0_976b2beee29772c28840c846cc4ef839.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Украина тарапы АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинада америкалық әскерді орналастыру жайын талқылап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.АҚШ көшбасшысы тамыз айында өзі президент болған кезде Украинада америкалық әскер болмайтынын мәлімдеген болатын.Ол сонымен қатар "ниеттестер коалициясының" кездесуі 6 қаңтарға жоспарланғанын айтты."Қазір ғана Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров "ниеттестер коалициясы" елдерінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерімен жақын арада кездесу туралы келісілгенін хабарлады. Біз 3 қаңтарда Украинада кездесуді жоспарлап отырмыз. Көп ұзамай біз бұл мәселені көшбасшылар деңгейінде талқылаймыз. Ол кездесулер қажет. Біз 6 қаңтарда Францияда кездесуді жоспарлап отырмыз", - деп жазды Зеленский өзінің Telegram арнасында.Қыркүйектің басында Парижде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макронның төрағалығымен "ниеттестер коалициясы" деп аталатын ұйымның отырысы өтті. Саммиттен кейін Франция басшысы 26 елдің қақтығыс тоқтағаннан кейін Украинаға тежеу күштерін орналастыруға дайын екенін білдірді.Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген.Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.
https://sputnik.kz/20251227/zelenskiy-men-europa-elderi-basshylarynyn-kezdesuine-tramp-qatyspaydy---baq-59987389.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1d/56682498_0:0:2357:1768_1920x0_80_0_0_b0ee75cd159f0819e45b893415c5b7d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский АҚШ тарапымен Украинада америкалық әскер орналастыруды талқылап жатыр
Бұл АҚШ әскері, сондықтан мұндай шешімдерді Америка қабылдайды, деді Зеленский
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Украина тарапы АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинада америкалық әскерді орналастыру жайын талқылап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
АҚШ көшбасшысы тамыз айында өзі президент болған кезде Украинада америкалық әскер болмайтынын мәлімдеген болатын.
"Бұл АҚШ әскері, сондықтан мұндай шешімдерді Америка қабылдайды. Әрине, біз мұны президент Трамппен және "ниеттестер коалициясының" өкілдерімен талқылап жатырмыз. Біз мұны қалаймыз", - деді Зеленский.
Ол сонымен қатар "ниеттестер коалициясының" кездесуі 6 қаңтарға жоспарланғанын айтты.
"Қазір ғана Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров "ниеттестер коалициясы" елдерінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерімен жақын арада кездесу туралы келісілгенін хабарлады. Біз 3 қаңтарда Украинада кездесуді жоспарлап отырмыз. Көп ұзамай біз бұл мәселені көшбасшылар деңгейінде талқылаймыз. Ол кездесулер қажет. Біз 6 қаңтарда Францияда кездесуді жоспарлап отырмыз", - деп жазды Зеленский өзінің Telegram арнасында.
Қыркүйектің басында Парижде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макронның төрағалығымен "ниеттестер коалициясы" деп аталатын ұйымның отырысы өтті. Саммиттен кейін Франция басшысы 26 елдің қақтығыс тоқтағаннан кейін Украинаға тежеу күштерін орналастыруға дайын екенін білдірді.
Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген.
Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.