Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның Путиннің резиденциясына жасаған шабуылына жауап қайтарылады – Захарова

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуНеделя высокого уровня 80-й сессии Генассамблеи ООН
Неделя высокого уровня 80-й сессии Генассамблеи ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Украинаның Ресей президенті Владимир Путиннің резиденциясына жасаған шабуылына дипломатиялық емес жолмен жауап қайтарылады, деп мәлімдеді Ресей СІМ өкілі Мария Захарова.
Ол сондай-ақ Зеленскийдің өз мәлімдемелерінде Украинаның Путин резиденциясына шабуыл жасау әрекеті үшін жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатқаны туралы БАҚ хабарламаларына пікір білдірді.
Захарованың айтуынша, Ресей тарапы келіссөздер жүргізгісі келмейді деген Зеленскийдің мәлімдемелері – өтірік.
Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина Қарулы күштерінің Путин резиденциясына жасаған шабуылынан кейін Ресейдің келіссөздік ұстанымы қайта қаралатынын айтты. Айтуынша, Киевтің мұндай ойланбай жасаған әрекеттері жауапсыз қалмайды.
Ол РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Украинадағы сайлау елдің Қарулы күштерін қайта қаруландыруға сылтау ретінде пайдаланылмауға тиіс екенін айтты.
"Киев бейбітшілік келісімдерін жасау мандатын барлық мүдделі саяси күштердің қатысуымен әділ сайлау арқылы ғана ала алады. Ресейде тұратын украин азаматтары осы сайлауларда дауыс беру құқығына ие болуға тиіс. Сайлаудың басты мақсаты — Украинадағы қақтығыстың түпкі себептерін жоюға кепілдік беру", - деді ол.
Оның айтуынша Киев пен оның батыстағы қамқоршылары Қырым мен төрт жаңа өңірдің Ресейге кіргеннен кейінгі аумақтық шындықты мойындауы тиіс.
Жаңалықтар
0