https://sputnik.kz/20251230/toqaev-resey-prezidentinin-memlekettik-rezidentsiyasyna-shabuyl-zhasau-areketterin-ayyptady-60049380.html
Тоқаев Ресей президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптады
Тоқаев Ресей президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап 30.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-30T17:01+0500
2025-12-30T17:01+0500
2025-12-30T17:01+0500
президент
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58840188_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_9101434c0dceee2b97fe375ef29195ed.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін айтты.Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды.Қазақстан президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, өзара берік уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды.Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары бір бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тіледі.Еске салайық, 28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні Киев Новгород облысындағы Ресей президентінің резиденциясына дрон арқылы шабуыл жасады. Барлық дрон әуе қорғаныс жүйелерімен жойылды.
https://sputnik.kz/20251230/putin-toqaev-pen-nazarbaevty-zhana-zhylmen-quttyqtady-60041044.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58840188_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_bdd5df74c6f64d7bc98cf6cdcb05cdd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан, ресей
президент, қазақстан, ресей
Тоқаев Ресей президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптады
Қазақстан президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін айтты.
Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды.
Қазақстан президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, өзара берік уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды.
"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізіп, мұның бітімге келуге және қақтығыстың саяси шешімін іздеуге кері әсер ететінін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары бір бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тіледі.
Еске салайық, 28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні Киев Новгород облысындағы Ресей президентінің резиденциясына дрон арқылы шабуыл жасады. Барлық дрон әуе қорғаныс жүйелерімен жойылды.