Астана әкімдігі тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневГололед в Астане
Гололед в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Жазылу
Жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау ұсынылды
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Астанада жаңбыр жауып, жолдар көктайғақ болып жатыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.
"Көшеде жүргенде, әсіресе жолдан өту кезінде мұқият болып, таймайтын аяқ киім киіп, мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн", - деп кеңес берді мамандар.
Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылды.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.
Жаңалықтар
0