Ақтауда полициядан қашпақ болған есірткі тасымалдаушылар жол апатына ұшырады

© Sputnik / Максим БогодвидПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Жазылу
Пошта сәлемдемесін алған сәтте күдіктілер полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, көлікпен қашуға әрекеттенген
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда есірткі тасымалдаушылар полициядан қашпақ болды.
Пошта сәлемдемесін алған сәтте күдіктілер полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, көлікпен қашуға әрекеттенген. Қуу барысында олар белгісіз ораманы жол жиегіне тастап, одан әрі қозғалысын жалғастырған.
Кейін көлік жол апатына ұшырап, күдіктілер жаяу қашпақ болған кезде ұсталды.
Оқиға орнын қарау кезінде героин табылды.
Күдіктілердің есірткі пайдаланғаны анықталды.
Полиция бөлімшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Петропавлда ер адам полиция бөлімшесінде басын қабырғаға әдейі ұрған
Жаңалықтар
0