https://sputnik.kz/20251230/2026-zhyly-qazaqstandyqtardy-ne-kutip-tur--numerolog-bolzham-zhasady-59649893.html
2026 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр – нумеролог болжам жасады
2026 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр – нумеролог болжам жасады
Sputnik Қазақстан
Маман жылқы жылы халықтың несиесі азаяды деген жорамал айтып отыр 30.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-30T10:00+0500
2025-12-30T10:00+0500
2025-12-30T10:00+0500
нумеролог
жаңа жыл
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866061_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ffef996471c761536f996c602ee4828d.jpg
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. 2026 жыл бізге қандай жаңалық әкеледі, қандай өзгеріс болады? Кімдердің жолы болады? Белгілі нумеролог Құралай Бақыт келесі жылға нумерологиялық болжам жасады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Құралай Бақыттың айтуынша, 2026 - жыл саны бойынша 1-ді білдіреді. Алдағы 9 жылда атқарылатын ауқымды жұмыстардың іргетасы қаланады."Бұл жылдың элементі - от. Көптеген сала өте тез жылдамдықпен дамиды. Бұл жылды жаһандану жылы деп атаса да болады. Бұл жыл - спорт және ІТ жылы, инновация жылы болады. Технология саласы шарықтайды", - дейді нумеролог.Қоғамның басым көпшілігі салауатты өмір салтына ден қояды."Көп адам спортпен айналыса бастайды. Адамдардың өзіне деген, денсаулығына деген көзқарасы жақсы жаққа өзгереді. Спортпен айналысатындар саны артады", - дейді Құралай Бақыт.Оның айтуынша, нумерологтардың 2025 жылға жасаған болжамы дәл келген."Биыл елімізде мәдени шаралар көп болады деп болжам жасалды. Расымен ауқымды концерттер көп болды. Ал келесі жылы спорттық шаралар көп болады", - дейді ол.Нумеролог тағы бір жақсы болжам жасады. Айтуынша, халықтың несиесі азаяды.Қазақстандықтар ақша жинап уйренеді, кәсіп игереді. Бұл жылы заманауи бизнес үшін де қолайлы жыл болмақ."Бизнес үшін өте сәтті жыл. Әсіресе онлайн магазин ашам дегендерге, жалпы замануи бизнес түрлерін дамытам деушілерге қолайлы жыл", - дейді ол.Алға қойған мақсаттары мен мінеттерін жүзеге асыруда көптеген адамның жылқы жылы асығы алшысынан түспек. Тек сабырмен ақылға салып, істер іске байыппен қарау керек. Бұнымен қоса тынбай еңбек ету қажет. Сондай-ақ бірінші байлық – денсаулықты жақсартамын деушілерге қапы қалмаған жөн, өйткені бұл жыл ол үшін де өте оңтайлы болмақ."2026 жылдан бастап жаңа көзқарас, жаңа өмір, жана цикл басталады. Жылқы жылы - өте заманауи жыл. Барлық дуние екі жыл ішінде цифрланады, автоматтандырылады. Қазіргі уақытымыз ескі дәуір боп көрінеді", - дейді нумеролог Құралай Бақыт.Жылдың түсі - күлгін, алтын түстес, яғни от түсті.2024, 2025 әншілер мен жұлдыздар жылы болған. Шоу-бизнес жылы болады деп болжанған, расымен солай болды. Ал 2026 жыл ІТ, ғылым, спорт жылы болады, дейді Құралай Бақыт."Бұл жыл 1966, 1976, 1986,1996 жылғылар үшін өте сәтті жыл. Ал 1972, 1982, 1992 жылғылардың қомақты сауда жасауда жолы болады. Туған күн + ай + 1-ді қосыңыз, егер 3, 5, 6, 8 шықса, онда бұл жыл сіз үшін өте жемісті жыл болмақ", - дейді ол.Нумерологтың айтуынша, 2026 жыл үнемі қозғалысты, шапшаңдықты қажет ететін жыл.
https://sputnik.kz/20251217/zhylqy-zhyly-2026-zhyl-qanday-bolady-59502662.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866061_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5db8230f4752de3623a4701992fd8105.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
нумеролог, жаңа жыл
2026 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр – нумеролог болжам жасады
Маман жылқы жылы халықтың несиесі азаяды деген жорамал айтып отыр
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. 2026 жыл бізге қандай жаңалық әкеледі, қандай өзгеріс болады? Кімдердің жолы болады? Белгілі нумеролог Құралай Бақыт келесі жылға нумерологиялық болжам жасады. Толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Құралай Бақыттың айтуынша, 2026 - жыл саны бойынша 1-ді білдіреді. Алдағы 9 жылда атқарылатын ауқымды жұмыстардың іргетасы қаланады.
"Бұл жылдың элементі - от. Көптеген сала өте тез жылдамдықпен дамиды. Бұл жылды жаһандану жылы деп атаса да болады. Бұл жыл - спорт және ІТ жылы, инновация жылы болады. Технология саласы шарықтайды", - дейді нумеролог.
Қоғамның басым көпшілігі салауатты өмір салтына ден қояды.
"Көп адам спортпен айналыса бастайды. Адамдардың өзіне деген, денсаулығына деген көзқарасы жақсы жаққа өзгереді. Спортпен айналысатындар саны артады", - дейді Құралай Бақыт.
Оның айтуынша, нумерологтардың 2025 жылға жасаған болжамы дәл келген.
"Биыл елімізде мәдени шаралар көп болады деп болжам жасалды. Расымен ауқымды концерттер көп болды. Ал келесі жылы спорттық шаралар көп болады", - дейді ол.
Нумеролог тағы бір жақсы болжам жасады. Айтуынша, халықтың несиесі азаяды.
"Елімізде кредит саны азаяды. 2026 деген санның сонында 6 тұр. Бұл еңбектеніп, тер төгетін жыл дегенді білдіреді. Адам жалпы өзінің өмір сүру деңгейін тәртіпке келтіре бастайды. Қаржылық сауаттылық артып, халықтың тұрмыс жағдайы қаржы жағынан тұрақтана бастайды. Сол себепті халықтың әлеумет жағдайы жақсарады деп ойлаймын", - дейді маман.
Қазақстандықтар ақша жинап уйренеді, кәсіп игереді. Бұл жылы заманауи бизнес үшін де қолайлы жыл болмақ.
"Бизнес үшін өте сәтті жыл. Әсіресе онлайн магазин ашам дегендерге, жалпы замануи бизнес түрлерін дамытам деушілерге қолайлы жыл", - дейді ол.
Алға қойған мақсаттары мен мінеттерін жүзеге асыруда көптеген адамның жылқы жылы асығы алшысынан түспек. Тек сабырмен ақылға салып, істер іске байыппен қарау керек. Бұнымен қоса тынбай еңбек ету қажет. Сондай-ақ бірінші байлық – денсаулықты жақсартамын деушілерге қапы қалмаған жөн, өйткені бұл жыл ол үшін де өте оңтайлы болмақ.
"2026 жылдан бастап жаңа көзқарас, жаңа өмір, жана цикл басталады. Жылқы жылы - өте заманауи жыл. Барлық дуние екі жыл ішінде цифрланады, автоматтандырылады. Қазіргі уақытымыз ескі дәуір боп көрінеді", - дейді нумеролог Құралай Бақыт.
Жылдың түсі - күлгін, алтын түстес, яғни от түсті.
2024, 2025 әншілер мен жұлдыздар жылы болған. Шоу-бизнес жылы болады деп болжанған, расымен солай болды. Ал 2026 жыл ІТ, ғылым, спорт жылы болады, дейді Құралай Бақыт.
"Бұл жыл 1966, 1976, 1986,1996 жылғылар үшін өте сәтті жыл. Ал 1972, 1982, 1992 жылғылардың қомақты сауда жасауда жолы болады. Туған күн + ай + 1-ді қосыңыз, егер 3, 5, 6, 8 шықса, онда бұл жыл сіз үшін өте жемісті жыл болмақ", - дейді ол.
Нумерологтың айтуынша, 2026 жыл үнемі қозғалысты, шапшаңдықты қажет ететін жыл.