Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуОзеро Иссык-Куль
Озеро Иссык-Куль - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Бұл жер учаскелерінде Қазақ КСР салған төрт нысан орналасқан
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс Ыстықкөлдегі жер учаскелерін жалдау туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2009 жылғы 1 желтоқсанда Астанада қол қойылған келісімге сәйкес, Қазақстан Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы жерді 49 жыл мерзімге уақытша пайдалануға қабылдады.
Бұл жер учаскелерінде Қазақ КСР салған төрт нысан: шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру базасы орналасқан.
Сонымен қатар шартта 2006 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімде белгіленген міндеттемелерді қамтамасыз ету қарастырылған.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық ынтымақтастық параметрлері мен өзара қолдау туралы келісімге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетика салалары бойынша келісімге келді
Жаңалықтар
0