Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

© POOLПрезидент РФ Владимир Путин и президент США Дональд Трамп во время встречи на военной базе Эльмендорф-Ричардсон на Аляске
Президент РФ Владимир Путин и президент США Дональд Трамп во время встречи на военной базе Эльмендорф-Ричардсон на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Трамп Зеленскиймен кездесудің алдында Путинмен бірнеше мәселені талқылады
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады РИА Новости.
Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесудің алдында Путинмен бірқатар мәселені талқылауды жөн көрген.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша әңгіме 1 сағат 15 минутқа созылған.
Президенттер референдум өткізу желеуімен уақытша бітім жариялау тек қақтығыстың созылуына әкелетінін атап өткен.
Трамп Ресейдің жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге ұмтылып отырғанына көз жеткізгенін мәлімдеді.
Путин Америка басшысының қауіпсіздік және экономика мәселелері бойынша екі жұмыс тобы аясында жұмысты жалғастыру туралы ұсынысымен келісті.
Ол сәскери іс-қимылдарын түпкілікті тоқтату үшін Донбасқа қатысты саяси шешім қажет екенін айтқан.
Президенттер Трамптың Зеленскиймен кездесуінен кейін қайта сөйлесуге уағдаласты.
Президент РФ Владимир Путин отвечает на вопросы во время специальной программы Итоги года в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты аяқтау бойынша үлкен жұмыс жасап жатыр - Ресей президенті
Жаңалықтар
0